Атырау, 24 қараша 15:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұзамыз, кері саламыз

Сурет Бейнежазба
2 584 просмотра

Индербор кентінде «ДияриК» ЖШС 2 млрд 56 млн теңге бюджет қаржысына салған 61,5 км кәріз желісі әлі қолданысқа берілген жоқ. Билік мұны істелген жұмыстар бүлінген автомобиль және жаяу жүргінші жолдарын қалпына келтіргеннен кейін қабылданады деп түсіндірді.

- Орталықтағы Қонаев көшесінен «Барлаушылар» бөлігіне дейінгі жолдармен жүру мүмкін емес. Басқа көшелер де оңып тұрған жоқ. 2016 жылы 114 миллион теңгеге салынған тротуар быт-шыт болды,-дейді тұрғындар.

Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Абзал РАМАЗАНОВ:

- Кәріз жүйесін жүргізу кезінде бүлінген көшелерді қалпына келтіруді өз қаржысына мердігер «ДияриК» ЖШС атқаруы керек. Жер кепкен соң, яғни мамыр айында бұзылған жолдарды жөндеу басталады.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен видоны түсірген автор

25 наурыз 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.