Атырау, 7 желтоқсан 08:17
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Қоқыс жинау қызықтары Басқа жаңалықтар

Қоқыс жинау қызықтары

Атырауда өткізілген алғашқы «Таза ойындар» кезінде шамамен 3 тонна қоқыс жиналды. Осы атаудағы қоғамдық қозғалыс 2014 жылы Санкт-Петербургте табиғаттағы қоқыс үйінділерінің проблемасына алаңдаған шағын белсенділер тобының күшімен пайда болған еді. Бұл өзекті мәселе. Бес жыл ішінде «Таза ойындар» бүкілресейлік қана емес, халықаралық деңгейге де шықты. 19 маусым 2019, 17:21 7 693 рет қаралды
Шегірткені көктен де, жерден де құртады Басқа жаңалықтар

Шегірткені көктен де, жерден де құртады

Атырау облысында үйірлі шегірткеге қарсы 8640 гектар (оның 5  мың гектары Құрманғазы ауданына тиесілі) жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Оның басым бөлігі (5000 га) Құрманғазы ауданына тиесілі. Бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияның ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округінде болған далалық штаб отырысында айтылды. Жиынға реселік мамандар да қатысты. 19 маусым 2019, 15:34 2 935 рет қаралды
Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды? Басқа жаңалықтар

Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды?

Әлеуметтік желіде Мақат ауданы Ескене ауылынан 5 шақырым жерден тұщы көлдің пайда болғаны жөнінде видео тарады. «АЖ» тілшісі көлдің қайдан пайда болғанын білмек болып, су көзінің басына барды. Сурет Бейнежазба 19 маусым 2019, 12:02 7 774 рет қаралды
Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​ Басқа жаңалықтар

Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​

16 маусымда күндіз қала маңындағы Геолог ықшамауданында жасөспірім үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен. Ұсталғанша бірнеше сағат бойы Дамбы-Балықшы бағытында осы көлікпен жолаушыларды тасымалдап, таксист болып жүрген. Ұсталған кезде салон ішінде жолаушы отырған. Ал «таксисттің» өзі сол уақытта клиенттерден түскен ақшаға сатып алған бірнеше құты сыраны ішіп үлгеріпті. 19 маусым 2019, 11:30 3 093 рет қаралды
Сәби тек жылай алады ғой... Басқа жаңалықтар

Сәби тек жылай алады ғой...

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай бүлдіршінді ұрып-соғып жатқаны бейнеленген бейнежазба тарап кеткен. Мұның мектепке дейінгі мекемеде болып жатқаны анық көрінеді. Бұл әйел жалпы сөйлеу тілі дамымаған және психикалық-сөйлеу тілі кешеуілдеген балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.  Бейнежазба 19 маусым 2019, 11:18 3 188 рет қаралды
«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма? Басқа жаңалықтар

«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма?

Әлеуметтік желілерде «Атырау» ДСК жанындағы жағажай қызу талқылануда.  Ол жерге ағаштан жасалған, едені ойылған қарапайым 4 дәретхана орнатылған. Кейбіреулер оны мысқылмен «инсталляция», «перфоманс», «артхаус» деп атаса, енді бірі тұнжырап, бұл «экологиялық диверсия» дейді. «AЖ» тілшісі сол жердегі «диверсанттармен» кездескен еді. Бір қызығы, олардың өз уәждері бар екен. Толықтырылды 19 маусым 2019, 10:23 3 380 рет қаралды
Пәтердегі егеуқұйрық ордасы Басқа жаңалықтар

Пәтердегі егеуқұйрық ордасы

Дружба көшесіндегі №8 үйдің тұрғындары әлеуметтік желілерде пәтерін қоқыс төгетін орынға айналдырған көршісіне шағымданды. Бейнежазбада терезе алдында ірі егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көреміз. Келесі күні бұл жерге қалалық әкімдік пен «Арнаулы автобаза» қызметкерлері барған. Сурет 18 маусым 2019, 21:22 3 679 рет қаралды
Дәріханада рецепсіз не алуға болады? Басқа жаңалықтар

Дәріханада рецепсіз не алуға болады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында дәріханаларда рецепсіз сатылатын дәрі-дәрмектер тізімі жарияланды. Сол жерде рецеппен берілетін дәрілердің де атауы бар. 18 маусым 2019, 12:03 4 146 рет қаралды
Ең үлкен балық – 1 келі сазан Басқа жаңалықтар

Ең үлкен балық – 1 келі сазан

16 маусымда орталық көпірден «Атырау» ДСК ғимаратына дейін қармақшылар тізіліп сап түзеді: мұнда қалалық әкімдік жазғы балық аулау маусымының ашылуына орай әуесқой балық аулаушылар жарысын өткізді. Сайысқа 100-ге жуық адам қатысып, таңғы 6:30-дан 10.30-ға дейін созылды. Шынын айту керек, балық аз болды, тіпті ештеңе ұстамай кеткендер де бар. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 11:45 5 368 рет қаралды
Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады Басқа жаңалықтар

Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады

Атырау облысының мектеп түлектері  ҰБТ-ны 20-26 маусым аралығында тапсырады.  Бұл туралы «АЖ»-ға білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА хабарлады. Биыл мектепті 5225 түлек аяқтап отыр. Мектепті бітіру емтихандарының қорытындысы бойынша олардың 192-сі  «Алтын белгіге», 167-сі ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Бұл мәртебе түлектерге ешқандай жеңілдіктер бермейді, тек «Алтын белгі» алған түлектерге тең балл алған жағдайда ЖОО қабылданғанда бір ғана артықшылық беріледі. 18 маусым 2019, 11:18 2 519 рет қаралды
Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен? Басқа жаңалықтар

Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен?

Атырауда гүл егіп жатыр. Биыл мұнайлы астананы көгалдандырумен «Каспийдормостострой» ЖШС айналысады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асуда. Осы жылы өткен жылға қарағанда ертерек бастады – былтырғы сәтсіз тәжірибеден сабақ алған болулары керек. 18 маусым 2019, 10:49 3 404 рет қаралды
Марғұлан Сисембайдың үш талабы Басқа жаңалықтар

Марғұлан Сисембайдың үш талабы

Достар, бұл күндері мен "Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесi" туралы «мильон» хабарламалар мен пікірлерді тыңдап, оқып шықтым. Диалогқа қарсы адамдардан, және бәсекелестi жақтырмайтын адамдардан менiң басыма шелек-шелек компромат пен былғаныш төгiлдi.  Мен өзiм ерекше құрметтейтін адамдардан  кеңес сұрадым. Бұдан шығарған қорытындыларым:  18 маусым 2019, 10:14 2 710 рет қаралды
«Райхан» қонақ үйіндегі өрт: балаларды шығарған кім Басқа жаңалықтар

«Райхан» қонақ үйіндегі өрт: балаларды шығарған кім

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде болған түнгі өрттің куәгерлері балаларды құтқарған жақын маңдағы кафе мен мейрамхана қызметкерлерінің, атап айтқанда, көрші мейрамхана күзетшісі Нұркен ДҮЙСЕНБАЕВТЫҢ жанкештілігі туралы айтып жатыр. «АЖ» тілшісі онымен және «Райхан» қонақ үйінің директорымен осы оқиғаға қатысты тілдескен еді. 17 маусым 2019, 15:49 3 067 рет қаралды
«Райхан» қонақ үйіндегі түнгі өрт саунадан басталған Басқа жаңалықтар

«Райхан» қонақ үйіндегі түнгі өрт саунадан басталған

16 маусымға қараған түні Атырауда «Райхан» қонақ үйі (Жилгородоктағы соңғы аялдама) өртенді. Қонақ үйде ересек тұрғындардан басқа Оралдан Атырауға жарысқа келген 34 жас спортшы болған. Олардың көпшілігі өрттен қашқан кезде жеңіл жарақат алған, ал үш адамды ауруханада жатқызуға тура келді. 17 маусым 2019, 11:01 2 519 рет қаралды
Сот отырысын үйден күткен жақсы Басқа жаңалықтар

Сот отырысын үйден күткен жақсы

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 23 мамырда аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша тергеуге алынған облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты бұлтартпау шарасы - тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды. 15 маусым 2019, 23:13 3 383 рет қаралды
Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме? Басқа жаңалықтар

Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме?

12 маусымда кешкі жетілер шамасында Атыраудағы Авангард ықшамауданында серуендеп жүрген ерлі-зайыпты Венера мен Асылан СҮЙІНОВТЕРДІ полиция ұстап, күштеп көлікпен алып кеткен. Кейін белгілі болғандай бұлар өткен түнде облыстық әкімдік алдындағы алаңда полиция мен әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген жастар екен. Сол кезде Асылан мен Венера тәртіп сақшыларына негізсіз тексеру деп құжаттарын көрсетпеген болатын. 14 маусым 2019, 23:51 5 198 рет қаралды
Субұрқақсыз тағы бір жаз Басқа жаңалықтар

Субұрқақсыз тағы бір жаз

Атырауда көптен бері бұрқақтар жұмыс жасамай тұр. Бір жыл бұрын қалалық ТКШ бөліміндегілер олардың 2004-2006 жылдары салынғанын, ескіргендіктен олардың орнына жаңалары салынатынын хабарлаған болатын. Тіпті, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Бірақ жұмыстардың баяу жүріп жатқаны сондай, атыраулықтар биыл да субұрқақсыз жазды өткізетін сияқты. Сурет 14 маусым 2019, 15:46 2 819 рет қаралды
Апатты ғимаратқа жалғама неге салған? Басқа жаңалықтар

Апатты ғимаратқа жалғама неге салған?

Екі жыл бұрын Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы №1 мектеп ғимараты апатты жағдайына байланысты жабылған еді. Осы жерден жаңа ғимарат салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда балаларымыз кең жаңа мектепте оқиды-ау деген ата-аналардың үміті ақталмаған секілді. Сурет 14 маусым 2019, 15:17 4 598 рет қаралды
«Анықталған заң бұзушылықтар үшін» СТГ-ның лицензиясы тоқтатылды Басқа жаңалықтар

«Анықталған заң бұзушылықтар үшін» СТГ-ның лицензиясы тоқтатылды

Атыраудағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназия (СТГ) осы оқу орнының тоқтатылған жұмыс лицензиясы жаңартылғаннан кейін ғана бірінші сынып оқушыларын қабылдай бастайды. Бұл туралы брифингте қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Аманбай ХУСЫНОВ хабарлады. Толықтырылды 14 маусым 2019, 11:11 3 266 рет қаралды
Орыс сыныптары үшін мұғалімдер жоқ Басқа жаңалықтар

Орыс сыныптары үшін мұғалімдер жоқ

Атырауда оқу жылы басталғанда Нұрсая ықшам ауданындағы 900 орындық және Жұлдыз ықшамауданындағы 624 орындық екі мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Екеуі де қазақ тілінде оқытады. Ата-аналар Нұрсаядан орыс тілді сыныптарды да ашуды өтініп отыр. Бірақ бүгінде оны жүзеге асыру мүмкін олып болмай шықты. 14 маусым 2019, 10:57 2 652 рет қаралды