Атырау, 2 маусым 11:28
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Басқа жаңалықтар

Жүргізушіден сақ бол Басқа жаңалықтар

Жүргізушіден сақ бол

Үстіміздегі жылдың шілде айында Махамбет ауданы Алмалы ауылында масаңдық белгісі бар 40 жастағы ер адам жүргізген «Лада Гранта» автокөлігі тоқтатылды. Ол медициналық куәландырудан өтуді ұсынған полицейлерге қарсылық көрсетті: ЖПҚ инспекторының көйлегінің түймелерін жұлып, қолына кісен салмақ болғанда баспен бетіне ұрып, қашып кетті. Алайда алысқа ұзамады – бірнеше минуттардан кейін бұзақы ұсталды. 23 тамыз 2018, 20:27 2 066 рет қаралды
Айыппұлдан абақты жақсы Басқа жаңалықтар

Айыппұлдан абақты жақсы

Атырау қаласының №2 сотында мамыр айының соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері тұтқындаған облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бөлім басшысы 54 жастағы Асылбек ОМАРҚҰЛОВҚА қатысты үкім шықты. 23 тамыз 2018, 12:28 3 114 рет қаралды
ІІД бастығы досын ойынханадан қалай алып шықты Басқа жаңалықтар

ІІД бастығы досын ойынханадан қалай алып шықты

Үстіміздегі жылдың 22 тамызында мына екі ер адам түскен бейнеролик әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда біршама шу тудырды. Кадр сыртында жазбада видеоның Минскідегі казинода түсірілгендігі, ал кадрдағылардың Атырау облыстық ІІД-нің қазіргі басшысы Аян Дуйсембаев пен көпшілікке танымал кәсіпкер Махмуд Мералиев екені айтылады. 22 тамыз 2018, 23:08 3 869 рет қаралды
"Тоқтауға болмайды" Басқа жаңалықтар

"Тоқтауға болмайды"

«АЖ» редакциясына мұнайлы астананың сол жағасындағы Даңқ орденінің толық және басқа да әскери марапаттардың иегері Ғиззат Әліпов көшесінің тұрғындары хабарласты. Осыдан он шақты жыл бұрын олар тұрып жатқан №9 үйдің жанына «тоқтауға және тұруға болмайды» деген белгі орнатқан еді. Шынын айтсақ, бөлек бағанаға ақша үнемдеп, көше шамының тұрбасына іле салған. Сол уақыттан бері бұл жер жол-патрульдік қызметінің «табыс көзіне» айналған. 22 тамыз 2018, 15:26 3 067 рет қаралды
Ауа ластаудан көш бастап тұрмыз Басқа жаңалықтар

Ауа ластаудан көш бастап тұрмыз

«Қазгидромет» РМК шілде айындағы өңірлердегі ауа сапасын зерттеу туралы есепті жариялады. Ластану деңгейі бойынша 52 СИ көрсеткішімен («стандартты индекс», газдың ең жоғары шамасын шекті рұқсат етілген шоғырлануға бөлу арқылы шығарылады) Атырау алғаш рет «чемпион» атанды. 20 тамыз 2018, 15:45 6 188 рет қаралды
"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады" Басқа жаңалықтар

"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады"

25 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ауыл жастарының топ болып төбелесуі салдарынан бір адам қаза болып, бірнешеуі жараланған еді. Бұл ауылдағы жалғыз қылмыстық іс емес сияқты, редакциямызға хабарласқан ауыл тұрғындары осындай жікке бөлініп төбелесу ауылда жиі болып тұратынын айтты. «АЖ» тілшісі алыс ауылдағы осы ахуалды біліп қайтты.    Бейнежазба 20 тамыз 2018, 14:27 8 452 рет қаралды
Өмірің өз қолыңда Басқа жаңалықтар

Өмірің өз қолыңда

Жас болса да, еті тірі Лиза САФРОНОВАДАЙ қызбен әңгімелескенде бұл өмірде барлығы өз қолыңда екенін ұғасың. Осы қазақша еркін сөйлейтін балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы біздің жарияланымдарымызда бірнеше рет шыққан еді. Интернат қабырғасында түрлі олимпиадалардың жүлдегері болған ол қазір Астрахан мемлекеттік университетінде журналистика факультетінде оқиды. «АЖ» тілшісі Лизамен Атырауда каникул кезінде әңгімелесті.   Бейнежазба 20 тамыз 2018, 12:37 4 530 рет қаралды
Бұдан да жақсы шамдар бар Басқа жаңалықтар

Бұдан да жақсы шамдар бар

Атырау қаласының әкімдігі «Атырау Innovations» ЖШС-мен бірлесе отырып журналистерге жергілікті билік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлаған жиырмадан астам жобаны таныстырды. Бұл тізімде 8 мектеп, 20 балабақша, 1000 орынға арналған жеңіл атлетика кешені, өзен вокзалы, заманауи қалдық полигоны құрылысы мен қала көшелерін жарықтандыру бар. 20 тамыз 2018, 10:20 3 532 рет қаралды
Субсидияның түрі азайып, көлемі артпақ Басқа жаңалықтар

Субсидияның түрі азайып, көлемі артпақ

Бүгінгі мал шаруашылығына салынып жатқан мемлекеттік субсидиялар өте тиімді емес. Осы бағытта министрлік «2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» дайындады.  Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман ЕВНИЕВ Атырауда өткен семинарда айтылды.   20 тамыз 2018, 09:45 1 628 рет қаралды
Екпе салдырғысы келмеген ата-аналарға не шара бар? Басқа жаңалықтар

Екпе салдырғысы келмеген ата-аналарға не шара бар?

Атырау облысында 276 бала мектепке екпесіз барады - ата-аналар түрлі себептермен екпе салдырудан бас тартты. Бірінші сынып оқушыларының барлығына  туберкулез диагностикасы үшін Манту сынамасы жасалады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 17 тамыз 2018, 19:35 2 666 рет қаралды
Атырауда үйлерді терможаңғырту қажет пе еді? Басқа жаңалықтар

Атырауда үйлерді терможаңғырту қажет пе еді?

Атырау қалалық әкімдігі тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу үшін 26,5 млн теңге бөлді. Энергетикалық аудит - жылу, су құбыры, басқа жүйелер мен электр қондырғыларын зерттеу негізінде жасалатын талдау. Мақсат: жылу шығындарын тауып, қалалық билікке тұрғын үйдің ең тиімді энергетикалық жұмыс режимін ұсыну. 17 тамыз 2018, 13:28 2 646 рет қаралды
Қала маңына 200 шақырым жол салынады Басқа жаңалықтар

Қала маңына 200 шақырым жол салынады

2018 жылғы жол құрылысы маусымы ыстық кезеңге тап болды. Қалада ірі көшелерді қайта жөндеу және кеңейту бойынша күрделі жұмыстар қызу жүріп жатыр, бұл жұмыстар өткен жылғы бюджетпен бекітілген болатын.  Бірақ, маусым аяғына дейін қала маңында да ауқымды жұмыстар басталады. Көп уақыттан бері жолдың салынуын күтіп жүрген елді мекендерге қашан және қандай кезектілікпен жолдар салынатынын «Ақ Жайық» газетіне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ әңгімелеп берді. 17 тамыз 2018, 10:27 3 370 рет қаралды
Қашағандағы ғажайып балық Басқа жаңалықтар

Қашағандағы ғажайып балық

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен мұнай өндіретін компания қызметкерлерінің қолдарына теңіз скатына ұқсас өзгеше балықты ұстап тұрған суреттері қызу талқыға салынуда. Бірақ Каспий теңізінде скат тіршілік етпейді ғой. 15 тамыз 2018, 18:57 6 398 рет қаралды
Құрбан айт қарсаңында Басқа жаңалықтар

Құрбан айт қарсаңында

Атырауда Құрбан Айт мейрамы қарсаңында мал сою үшін санитарлық-ветеринарлық бақылауда болатын 4 мал базары белгіленді. Бұдан басқа, қалалық әкімдікте хабарлағандай, «Иманғали» мешіті мен басқа мешіттердің аулаларында малдарды құрбандыққа шалуға тыйым салынады. 15 тамыз 2018, 16:44 3 428 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Басқа жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі

9 тамызда Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында жеке үйдің ауласында 55 жастағы ер адам үш метрлік шұңқырға құлап кетті. «Жедел жәрдем зембілін арқанмен байлап, құтқарушылар оны сақтықпен жоғарыға тартып шығарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 15 тамыз 2018, 15:32 2 756 рет қаралды