17 қыркүйекте түстен кейін мұнайлы астананың шетіндегі Геолог ауылына қарсы жолдың оң жағында орналасқан жаңа Береке ықшамауданында электрмен қамту жүйесі ажыратылды.
«АЖ» редакциясына жүгінген тұрғындардың айтуынша, қазір №1, 2, 3, 4, 5 (бұл жерде осындай он шақты үй бар) үйлерде жарық болмаған. Тек ток қана емес, толық қоныстанбағандықтан үйлерде газ де жоқ.
«Атырау Жарық» АҚ ықшамауданға кіре берісте қуатты кабель жанып кеткенін, қазір оны ауыстыру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Қалалық құрылыс бөліміндегілер әзірге жаңа ықшамаудандағы осы проблема туралы естімегендерін мәлімдеді. Егер электр желілерін ретке келтірмесе, онда тұрғындар барлық пәтерлерге қоныстанғаннан кейін бұл жерді қараңғы түнек басатыны қазірдің өзінде түсінікті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ