Атырау, 25 қараша 18:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қандай қарызың үшін елден шығармайды?

2 975 просмотра


Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Нұрбол САЛЫҚОВ «АЖ» тілшісіне жеке тұлғалардың қандай салықты қай уақытта төлеу керектігі,  төлем кешіктірілген жағдайда не болатыны туралы айтып берді.

- 2017 жылы Салық кодексіне жер мен мүлік салықтарын төлеу мерзімін ұзартуды қарастыратын өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2017 жылғы салықтарды азаматтар 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеулері керек. Кешіктірілсе, кешіктірілген әр күнгі соманың 0,01 пайыз көлемінде өсімпұл алынады. 2018 жылғы көлік салығын осы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу керек.

Борышкерге не болады? Салық кодексінің 24-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы барларға банктік есеп-шот ашуға рұқсат бермеуге міндетті. Бұл норма заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлермен қатар жеке тұлғаларға да қатысты. Сонымен қатар салық бойынша қарызды пошта арқылы жіберілген хабарламаны алғаннан кейін 30 күн ішінде төлемесе, қарыз 1 АЕК-тен артық болса, салық органы бұйрық шығарып, оны сот орындаушысына жолдайды.

Елден шығуға уақытша шектеу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкер 20 АЕК-тен (48 100 теңге) артық сома көрсетілген атқарушы құжаттағы талаптарды орындамаған жағдайда шығарады. Уақытша шектеу алған борышкерлер тізімі ҚР әділет министрлігінің сайтында жарияланады.

Салықтар бойынша қарыз туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан www.kgd.gov.kz қарауға болады. Ол үшін салық төлеушінің БИН немесе ЖСН нөмірін терсе жеткілікті.

- Сайт үнемі жаңартылып отырады. Қарыз пошта бөлімінде төлем жүргізілген соң 20 минутта сызылады, - деп түсіндірді Салықов. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қыркүйек 2018, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.