Жексенбі күні 16 қыркүйекте өңірімізде екі ауыр жол-көлік апаты болып, оның бірі кісі өлімімен аяқталды. Зардап шегушілердің туыстарының айтуынша, таңертең «Атырау-Доссор» жолында 27 жастағы ВАЗ-21114 жүргізушісі тіркемелі КамАЗ-ды басып озу үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Шевролемен» соқтығысқан.
Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ВАЗ жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр, оның жолаушысы травматология бөліміне, ал «Шевроле» жүргізушісі нейрохирургия бөліміне жатқызылған.
Сол күні сағат 19-дар шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылы мен К.Меденов көшесінің қиылысында «Toyota Camry» көлігі «Mercedes-BenzS500» көлігімен соғысып, бірінші көліктің 43 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Оның жолаушысы мен Mercedes жүргізушісі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Фархат ӘБІЛОВ
Куәгерлер жолдаған бейнежазба