Атырау, 25 қараша 19:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

О дүниеде де тыным бермейді – 2

2 600 просмотра


81 жастағы зейнеткер Георгий БОЛДЫРЕВ хабарлаған зираттағы шойын қоршаулардың қолды болатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін тағы 10 адам полицияға арыз түсіріпті. ІІД баспасөз қызметінің соңғы мәліметтері бойынша осындай іспен айналысқан бір топ адам ұсталған.

Қазір Атырау қаласының ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, ұрланған заттарды қайда тапсыратындарын көрсеткен. Металл сынықтарын қабылдау пункті заңсыз жұмыс жасайтын болып шықты, олардың кәсіпкерлік қызметтің осы түрімен айналысуға ешқандай құжаттары жоқ.

Іс материалдары Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды және туыстарының мәйіттері зардап шеккендерге келтірілген зиян өтеледі. Полицейлер болса, патруль кезінде қаладағы зираттар маңындағы аумақтарды да бір шолып шығатын болды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

10 қыркүйек 2018, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.