Атырау, 2 маусым 11:28
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Басқа жаңалықтар

Атырау өлкесі туралы оқулық Басқа жаңалықтар

Атырау өлкесі туралы оқулық

Жаңа оқу жылында Атырау облысындағы орта мектептердің 5-7 сыныптарында жергілікті мамандар дайындаған «Өлкетану» оқулығы бірқатар пәндер бойынша сабақтарда қолданылады. Бұл туралы Білім басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы Орынтай БИМАНОВА брифингте мәлімдеді. 15 тамыз 2018, 14:56 2 431 рет қаралды
«Доллар сатып алуда дүрбелең жоқ» Басқа жаңалықтар

«Доллар сатып алуда дүрбелең жоқ»

Атыраудағы ақша айырбастау қосындарында кеше, 14 тамызда кешкісін доллар 363 теңгеден сатылды. Ал Ұлттық банктің Атырау филиалы басшысының орынбасары Айгүл ИБРАЕВА мұнай астанасында шетел валютасына дүрлікпе сұраныс жоқ деп есептейді. 15 тамыз 2018, 15:24 1 802 рет қаралды
Фрилансерлер де міндетті жарна төлейді Басқа жаңалықтар

Фрилансерлер де міндетті жарна төлейді

2018 жылғы 1 шілдеде Қазақстандағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 трлн теңге, Атырау облысында - 522 млрд теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалы директоры Вячеслав ЖҰМЫРОВ брифингте осындай цифрлар келтірді. 15 тамыз 2018, 11:38 2 632 рет қаралды
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы Басқа жаңалықтар

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Атырау облысы бойынша тұрғындар арасында малдан жұғатын бруцеллездің 25 жағдайы: Индер ауданында – 11, Қызылқоға ауданында – 9, Атырау қаласында – 2, Махамбет ауданында – 2, Жылыой ауданында 1 жағдай тіркелген. «АЖ» тілшісі осы кеселдің көп тараған жері Қызылқоға ауданында болып, жағдайды біліп қатты. Сурет Бейнежазба 15 тамыз 2018, 10:30 7 516 рет қаралды
Су тазарту марафоны Басқа жаңалықтар

Су тазарту марафоны

Мемлекеттік сатып алулар сайтында қала маңындағы Береке ауылында орналасқан №5 сүзгілеу станциясын қайта жарақтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасау басталғаны туралы хабарландыру жарияланды. Бергей Рысқалиев oблыс әкімі болып тұрған кезде басталған нысан осы жылдар ішінде аяқталмаған күйде қалып отыр. Алайда құрылысты аяқтауға қаражат бөлінгені туралы 2015 жылдың басында хабарланған болатын. 13 тамыз 2018, 17:40 1 883 рет қаралды
Кейбір кәсіпорындардағы коммунистік еңбек Басқа жаңалықтар

Кейбір кәсіпорындардағы коммунистік еңбек

Жыл басынан бері Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 318 еңбек заңнамасын бұзушылықты, соның ішінде, жалақыны кешіктіру және артық жұмыс уақыты үшін ақы төлемеу фактілерін анықтады. Жұмыс берушілерге 17 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады. 13 тамыз 2018, 16:35 2 121 рет қаралды
"Атырау Су Арнасы" бойынша сот: үкім айыптау қалдықтары бойынша шығарылды Басқа жаңалықтар

"Атырау Су Арнасы" бойынша сот: үкім айыптау қалдықтары бойынша шығарылды

«АЖ» Атырау қалалық №2 сотының төрағасы, судья Мирамбек НАҒАШЫБАЕВҚА «АтырауСуАрнасы» КМК-ның бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА және кәсіпорынның екі бөлім басшысына шығарылған үкімді түсіндіруді сұрады. Алғашқы тағылған айып бойынша оларға ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі тиіс еді, алайда сот соңында бәрі басқаша өрбіді. 11 тамыз 2018, 00:30 3 558 рет қаралды
Жер астынан су тартқан Басқа жаңалықтар

Жер астынан су тартқан

Қызылқоға ауданындағы Миялы, Сағыз, Мұқыр ауылдары тұрғындары жаз бойы су тапшылығын бастан кешіреді. Бұл жылма-жыл қайталанып отырған көрініс. Ал амалсыз пайдаланып отырған жерасты құдық суы кермек тартады. Сурет Бейнежазба 10 тамыз 2018, 20:25 6 298 рет қаралды
Заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылып жатыр Басқа жаңалықтар

Заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылып жатыр

Жыл басталғалы бері сотқа екінші дейгейлі банктерден заңсыз ұсталған комиссияларды өндіріп алу туралы тұрғындардан 2091 өтініш түсіп, 200 млн теңгеден астам қаражат тұтынушыларға кері қайтарылған. Сонымен қатар,  жыл басынан бері 4234 тұлғаға қатысты әкімшілік іс көтеріліп, 118 млн 600 мың теңге айыппұл салынған. Осы және басқа да сандар Атырау облысының сот төрағалары өткізген брифингте айтылды. 10 тамыз 2018, 19:53 3 068 рет қаралды
Жылу беру маусымында ЖЭО-ға Балықшы толықтай, Нұрсая ішінара қосылады Басқа жаңалықтар

Жылу беру маусымында ЖЭО-ға Балықшы толықтай, Нұрсая ішінара қосылады

«АЖ» Атырау әкімдігіне мәжілістерде әлденеше рет талқыланған Балықшы поселкесін 2018 жылы «Атырау ЖЭО» АҚ жылу жүйесіне қосу жобасы туралы, сонымен қатар, жылу электр орталығын Нұрсая ықшамауданына қосу тақырыбын да қозғап, сауал жолдаған еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлия ЖӘМИТОВА төмендегіше жауап берді. 10 тамыз 2018, 17:08 2 891 рет қаралды
Сойылған мал кейде тіріліп кетеді Басқа жаңалықтар

Сойылған мал кейде тіріліп кетеді

9 тамызда Атырау қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Депутаттар алдында Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ бірінші болып сөз алып, таңқаларлық нәрсені хабарлады: құжаттарда белгіленбеген, АМӨЗ-ден Сасықсайға дейін жүргізілген екі кәріз құбырлары табылған. Бейнежазба 10 тамыз 2018, 14:46 3 032 рет қаралды
Атырау көпірінен секірмек болған қыз құтқарылды Басқа жаңалықтар

Атырау көпірінен секірмек болған қыз құтқарылды

Өткен демалыс күндері Атырауда полицейлер мен екі жүргінші Авангард пен Жилгородок арасындағы көпірден секірмек болған қыздың өз өзіне қол жұмсауына жол бермеді. Бейнежазба 9 тамыз 2018, 14:10 4 246 рет қаралды
Жемқорлықпен күрес қызметіндегі ауыс-түйістер Басқа жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес қызметіндегі ауыс-түйістер

Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нығмеджан САПАРОВ тағайындалды. Ол осыған дейін  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған. Ал одан бұрын осы лауазымды атқарған Құрмаш СЕЙІТБЕКОВ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне келді.  8 тамыз 2018, 17:50 3 785 рет қаралды
Қызылқоғада диханшылық дами ма? Басқа жаңалықтар

Қызылқоғада диханшылық дами ма?

Атырау облысы Қызылқоға ауданы бұрыннан да мал шаруашылығымен белгілі, алайда өңірде егіншілік көп дамымаған. Дегенмен, биыл егіншілік үшін Миялы, Жангелдин, Көздіғара оругі бойынша 45 гектар жер бөлінген. Сурет Бейнежазба 8 тамыз 2018, 10:33 4 032 рет қаралды
«Жастар 15 жаста жүкті болып жатса, қалайша СПИД туралы айтпаймыз» Басқа жаңалықтар

«Жастар 15 жаста жүкті болып жатса, қалайша СПИД туралы айтпаймыз»

Атырауға АИТВ вирусын таратқандардың жартысы - Өзбекстан елінің азаматтары. Алайда Қазақстанға жұмыс жасауға келген шетел азаматтарына АИТВ-ға қарсы анализ тапсыруды міндеттейтін заң жоқ. Бұл ақпарат «21-ғасыр обасына» арналған отырыста айтылды. 7 тамыз 2018, 14:43 2 941 рет қаралды
Бірде маса, бірде бүрге Басқа жаңалықтар

Бірде маса, бірде бүрге

Әлеуметтік желілердің бірінде Атырау тұрғындары пәтерлер мен подъездерде, әсіресе, бірінші қабаттарда бүргелердің толып кеткеніне наразылық білдіріпті. Өте ұсақ жәндіктер пәтерлерге жертөлелерден саңылаулар арқылы кіреді екен. 7 тамыз 2018, 14:39 5 074 рет қаралды
Оңды-солды сатылған балықтар Басқа жаңалықтар

Оңды-солды сатылған балықтар

Соңғы екі жарым жыл ішінде браконьерлерге қатысты 4 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 58  заңсыз балық аулаушының үстінен 35  қылмыстық  іс қозғалған. Заң бұзушылардан жалпы сомасы 125 млн теңге  шығын өндірілді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 7 тамыз 2018, 12:26 3 667 рет қаралды
«Енді ешқашан отырмаймын» Басқа жаңалықтар

«Енді ешқашан отырмаймын»

Сотталғандардың түрмеден шыққаннан кейінгі туындайтын мәселелері мен оларға үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау көмектер туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) өткен жиында айтылды. Басқосуға кезінде есірткі заттар сатумен айналысқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған 45 жастағы Тәжікстан азаматының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы себеп болды. Сурет 7 тамыз 2018, 10:49 3 772 рет қаралды
Мектепке рұқсат қағазбен кіреді Басқа жаңалықтар

Мектепке рұқсат қағазбен кіреді

Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 44 миллион, балабақшаларға - 28 миллион теңге бөлінді, оқулықтарға қажетті мөлшерде тапсырыс берілді; жалпы алғанда, мұнай астанасы жаңа оқу жылына толығымен дайын, - деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан ҚАБДЕНОВ брифингте сенімді түрде. 6 тамыз 2018, 20:35 3 284 рет қаралды