3-13 қыркүйекте мұнайлы астананың жылу жүйесі толығымен тоқтайды. Бұл күндерді қала тұрғындары «ыстық сусыз өткен он күн» деп есте сақтайтын шығар. «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ жүйенің тоқтауы қаланың қысқы маусымға дайындық кезеңдерінің бірі екенін түсіндірді.
Бұл уақытта жөндеу жүргізіліп, тоқтаусыз жұмыс жасайтын құбырлар мен жабдықтар ауыстырылады. Егер тиісті жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталса, ыстық сумен қамту бірден іске қосылатын болады.
Шамшатовтың айтуынша, жылу маусымына дайындық аяқталып келеді. Жөндеу бригадалары кесте бойынша жұмыс жасауда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ