Атырау, 25 қараша 20:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Судың сұрауы

2 662 просмотра


Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті Атыраудың халыққа коммуналдық қызмет түрлерін көрсететін кәсіпорындарына баспасөз турын ұйымдастырды. 29 тамызда журналистер «Атырау су арнасы» (АСА) КМК-ға барды.

АСА директорының міндетін атқарушы Виктор СУЩЕНКО баяндамасында келесілерді хабарлады:

- Кәсіпорын үшін 2017-2018 жылдарға арналған құны 814 миллион теңге болатын инвестициялық бағдарлама бекітілді. Қол жеткізген көрсеткіштер – 2017 жылы 14,4 млн текше метр су, 11 млн текше метр кәріздік су жіберілген. Жыл ішінде 18,3 млн теңге табыс түскен.

Инвестициялық бағдарламаға енген жұмыстардың орындалуы 427 мың кВт электр энергиясын үнемдеуге, су шығынан 71 мың текшеге азайтуға және сумен қамту, кәріз жүйесі бойынша қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

«АЖ» сұрақтары:

- Сіздер өз сайттарыңызда 2018 жылдың І жарты жылдығы бойынша қызметтеріңіздің қорытындысын жарияладыңыздар. Ол жерде жоспарланған 12 млн теңге көлеміндегі жөндеу жұмыстарына 0 теңге жұмсағандарыңыз көрсетілген. Оны қалай түсінуге болады?

- Инвестициялық жоспар жыл сайын ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап келесі жылдың 31 шілдесіне дейін бекітіледі әрі сол мерзім ішінде орындалады. Одан бөлек, біз мемлекеттік кәсіпорынбыз, сондықтан барлық келісімдер мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы жүзеге асады. Тендерлік рәсімдердің қанша уақыт алатынын білесіздер.

- Сайтта суды тазалау үшін әлі күнге белсенді көмір пайдаланылатындарыңыз көрсетілген. Көмірді көптен жинайсыздар ма?

- Біз көмірді көптен қолданамыз. Суды тазалау технологиясы өзгермеді және барлық нормаларға сәйкес. Қазіргі кезде өсімдіктердің гүлдеуі жалғасуда, сондықтан өзеннің лайлығы литрге шаққанда 57 миллиграмға дейін көбейіп кетті.

Жаңа технологиялардың барлығы Атырау мен Жайық өзеніне сай келе бермейді. Жапондықтар су тазарту мембранасын ұсынған. Алайда бас тартуға тура келді, себебі, өндірістік көлемде жұмыс істейміз. Біздің салада «ноу-хау» жоқ, барлық жерде де көмір сүзгісі қолданылады.

- Бірнеше жыл бұрын Авангардта пилоттық жоба жүзеге асырылды – тұрғындар жертөледегі тесік тұрбалардан аққан су үшін ақы төлеуге міндеттелді.Сол жоба немен аяқталды?

- Тұрғындар ауыр қабылдады. Шағымдар көбейіп кеткендіктен, жоба тоқтатылды. Қазір шағымдар жоқ. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қыркүйек 2018, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.