Атырау, 25 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ойы "бөлек" полицей

2 915 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігі (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған 26 жастағы бұрынғы полицейге қатысты үкім шықты.

Тергеу дерегі бойынша, биылғы наурызда Атырау облысы Мақат станциясының желілік ІІБ-нің инспекторы Қазақстан территориясында экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына белсенді қолдау көрсеткен.

Сотталушы күн сайын ҚДТ қызметі туралы бейнероликтерді көргеннен кейін оның саяси көзқарасы өзгергенін түсіндірген. Ол жалған аккаунт ашып, «Телеграм» қосымшасындағы «ДВК Активист» тобына қосылған. Кейін аға лейтенант бұл топқа ұрандатқан аудиожазбалар мен «Полиция халықпен бірге, алға, ҚДТ! Жеңіс біздікі!» деген жазуы бар суретін жіберген. «ДВК Запад» тобына қосылып, Мұхтар Әбілязов пен оның ұйымына онлайн дауыс беруге қатысқан.

Тергеу барысында күдікті прокурормен кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келді. Соттың үкімімен бұрынғы полицей 1 жыл бостандығын шектеу және 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке құқығынан айыру жазасын арқалады.

Фархат ӘБІЛОВ

4 қыркүйек 2018, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.