«ҚазТрансГаз Аймақ» (ҚТГА) АҚ филиалы биылғы 10-15 қыркүйек күндері Атыраудың сол жағалауын – Привокзальныйдағы теміржол көпірінен бастап теңіз жағасындағы Дамбы селосына дейін – газдан ажыратуды жоспарлауда.
- Бұл қысқа дайындық жұмыстарымен байланысты. Шілдеде осындай жұмыстар қаланың оң жақ бөлігінде жүргізілсе, енді, міне, сол жағалауға кезек келді. Ескірген жабдықтар мен құбырлар ауыстырылады, «шкафтар» мен тұрбалардың қосылған жерлерінен газ шығып кетуді болдырмау үшін тексеру жүргізіледі, - деп хабарлады ҚТГА Атырау филиалының бас директоры Мақсот ӘБУОВ. – Ақаусыз учаскелер газға кідіріссіз қосылады. Привокзальный, СМП ықшамаудандарын екінші-үшінші күні қосамыз. Ең көп 5 күнге Дамбы тұрғындары ажыратылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ