Атырау, 25 қараша 20:18
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолынан шатасқан

2 354 просмотра


1 қыркүйек күні сағат 11-де аудан орталығы Құрманғазыда (бұрынғы Ганюшкино) Атырау облыстық жол-патрульдік қызметі өзек үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде ВАЗ-2107 автокөлігін көрді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы епсіз жүргізуші аудандық соттың шешімімен ҚР ӘҚБтК 596-бабы 1-бөлімінде (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды (2018 жылы 1 АЕК – 2405 теңге).


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Cуреттерді ІІД баспасөз қызметі ұсынды

3 қыркүйек 2018, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.