Атырау, 25 қараша 20:44
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түнгі жарыс қайғылы оқиғаға душар етті

Толықтырылды Бейнежазба
5 534 просмотра


27 тамызға қараған түні сағат 1.10 шамасында Сәтпаев даңғылындағы «Atyrau Plaza» бизнес орталығының тұсында кіс өлімі болған ЖКО орын алды. Кездейсоқ қарсы кездескен автокөліктің видеорегистраторы кадрына ақ түсті кроссовердің қатты жылдамдықпен келе жатқаны түсіп қалған. Жүргіншілер өткеліне тоқтаған көліктерге соқтығыспау үшін жолдың келесі жолағына шығып, өтіп бара жатқан адамдарды қағады.

Бейресми ақпараттарға сәйкес, сол сәтте жолдан 1995 жылғы үш қыз өтіп бара жатады. Қайғылы оқиға салдарынан олардың біреуі ауруханада қайтыс болып, екеуі ауыр халде жатыр. Үшеуі де Атыраудікі емес, мұнай өндіру компанияларының бірінде жұмыс жасайды екен. 28 тамызда Алматыдан қызының денесін алып кетуге әкесі келген.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі осы ЖКО фактісі бойынша редакцияға келесі хабарламаны жіберді: "ҚР ҚК-нің 345 бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгітергеу жүріп жатыр. Басқа ақпараттарды ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес бөлісе алмаймыз".

Қылмыстық кодексті ашайық. Жоғарыда аталған баптың 3-бөліміне сәйкес, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 55-бабы 2-бөлімінде жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан асыруға болмайды. Сондықтан қазір судьялар ҚК-нің 55-бабын орындай отырып, 345-бап 3-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыптыға 2,5 жылдан жоғары бас бостандығынан аыру жазасын бере алмайды. 

Тағы бір айта кететін жайт, бейресми ақпараттарға сәйкес, осы ЖКО-ны жасады делінетін күдікті қамауға алынған жоқ.




Анастасия АЛЮШИНА

29 тамыз 2018, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.