Атырау, 25 қараша 20:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Жатқандар" оралады, бірақ бәрі емес

2 565 просмотра


Президенттің жақында жасаған іссапары алдында мұнайлы астананың Махамбет және Амандосов  көшелеріндегі халық арасында "жатқан полиция" деп аталатын жасанды жол кедергілерін алып тастаған болатын. Оқырмандарымыз енді осы жерлермен жүргізушілер қатты жылдамдықпен жүреді деп шағымданып жатыр. Жасанды жол кедергілері (ЖЖК) - транспорт құралдарының жылдамдығын еріксіз азайтуға арналған, жаяу жүргіншілер мен "құйын" жүргізушілердің де қауіпсіздігі үшін жасалған элемент.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі "АЖ" тілшісіне былай жауап берді:  

- Қаланың аталған екі көшесінде ЖЖК уақытша алынды, жақын әзірде қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, Әлиев пен Құрманғазы көшелеріндегі кедергілер алынады, өйткені бұл жерлерде енді "тоқтау жолақтары" мен бейнебақылау камералары бар. 

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор


31 тамыз 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.