Атырау, 25 қараша 19:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бес жыл кешіккен нысан

2 128 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан

«АЖ» сонау 2013 жылы тапсырылуы тиіс, алайда құрылысы тұрып қалған энергетикалық нысандар туралы бірнеше рет жазған еді. Міне, кешіксе де, Оңтүстік электрэнергетикалық шеңбері мен оған кіретін «Нұрсая» қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Бұл туралы баспасөз туры барысында «Атырау Жарық» АҚ вице-президенті Мейірбек ҒҰБАШЕВ хабарлады.

- Оңтүстік шеңбер нысандарының іске қосылуы облыстық әкімдіктің қаржысына жүзеге асты. Сондықтан егжей-тегжейін мен білмеймін. Қазір жүктемеден асып кеткен қосалқы станцияларымыздың барлық тұтынушылары «Нұрсая» қосалқы станциясына көшіріліп жатыр, - деді Ғұбашев жағдайды түсіндіре отырып.

Сонымен, «Атырау Жарық» қаланың осы тез өсіп бара жатқан тұрғын үй массивіндегі өз желілерін жеңілдетті. Ал тұтынушылар енді шағымдануларын қоятын шығар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қыркүйек 2018, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.