Атырау, 16 қазан 14:40
 дождьВ Атырау +17.1
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Атырауда

Барымтаға қарымта керек Басқа жаңалықтар

Барымтаға қарымта керек

Барымташылардан зәбір көрген Исатай, Махамбет аудандарының бір топ тұрғындары «АЖ» тілшісімен кездесіп, шешімі табылмай жүрген осы ұрлық мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, қырда мал ұрлығы, әсіресе, жылқының ұрлануы тиылмай отыр. Ұрылар ұсталғанның өзінде айыппұл немесе малдың құнын төлеп, құтылып кетеді. Малшылар бұл туралы шағымдарын облыс әкімі, прокуратура, полицияға жолдаған. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 17:27 4 935 рет қаралды
Өзгерген маршруттар Басқа жаңалықтар

Өзгерген маршруттар

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғындары №4 автобустың бұрынғыдай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарай кірмейтінін, нәтижесінде емделушілерге №1 емханаға жаяу жетуге тура келетінін айтқан еді. Осыған орай біз хабарласқан «Смарт-Атырау» КММ басшысының орынбасары Рүстем  ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ,биыл 1 қаңтардан бастап автобустардың «жүру қашықтығын қысқарту мақсатында» қалада тек №4 маршруттың ғана емес, тағы да 13 автобус жолының сызбасы өзгергенін мәлімдеді. 15 қаңтар 2019, 10:19 3 122 рет қаралды
Атырауда Рубик кубигін шапшаң жинаудан чемпионат өтті Басқа жаңалықтар

Атырауда Рубик кубигін шапшаң жинаудан чемпионат өтті

Оған мұнайлы астанадан ғана емес, Астанадан, Шымкенттен, Тараздан, Семейден, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан 70 оқушы қатысты. Бір кездері венгр өнертапқышы Эрно РУБИКТІҢ өзінің түрлі-түсті ойжұмбағын құрастыруға шамамен бір ай уақыты кеткен еді. Ал қазіргілер оған секундтаған уақыттарын жұмсады. Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 11:06 2 225 рет қаралды
Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн Басқа жаңалықтар

Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн

Өткен қыста Балықшыдағы Жайық өзенінде табан, айнакөз, уақ шабақтар қармаққа жақсы түсіп еді. Ал қазір балықтың қабуы шамалы… Жұмыскердегі балық аулаушылар ілмектермен, үшкір зәкірлермен қаруланып, олармен мөңке балықтарды шаншуға тырысады. Кейде ілініп те жатады. Мөңкебалықтың әлсіз екенін айтқым келеді. Мұз бетінде ұзақ шоршымайды, бірнеше рет төңкеріліп, содан соң қатып қалады. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 10:15 7 454 рет қаралды
Қысқы қызықтар Қоғам

Қысқы қызықтар

12 қаңтарда облыстық әкімдік тұсында Жайық өзені үстінде хоккей қорабы мен сырғанақ алаңының салтанатты ашылу шарасы өтті. Мұнда 200-ге тарта адам жиналып, әр түрлі көңілді қысқы ойындарға қатысты. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 14 қаңтар 2019, 09:25 7 138 рет қаралды
Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой" Экология

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой"

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді.  13 қаңтар 2019, 12:59 6 776 рет қаралды
Отқа күйген,  газға тұншыққан Басқа жаңалықтар

Отқа күйген, газға тұншыққан

10 қаңтарда қала сыртындағы Еркінқала ауылында жылыту қазандығының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 63 жастағы әйел адам газға тұншығып өлген. Ал үйдегі 68 жастағы тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді. 11 қаңтар 2019, 15:05 2 725 рет қаралды
ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет Басқа жаңалықтар

ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет

Бала кезімнен пойызбен жүргенді жақсы көремін, өзгеше бір тартатын романтикасы бар: рельс дүрсілі, терезеден ауысып тұратын көрініс, анам тек пойызда жеуге ғана рұқсат ететін зиянды десе де дәмді «Доширак», пакеттегі үш қоспалы кофе, әңгімешіл жолаушылар, тоқыма тоқыған әжейлер, карт ойыны... 11 қаңтар 2019, 11:56 4 090 рет қаралды
«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті» Басқа жаңалықтар

«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті»

8 қаңтарда Атырауда Уәлиханов көшесінің бойындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде жүкті әйелге өз пәтерінде шабуыл жасалып, қылмыскерлер, екі жігіт пен қыз, пәтерінен 23 миллион теңгені алып кеткен. Алайда қарақшылар алысқа кетпеді, полицейлер із суытпай ұстады. Бейнежазба 11 қаңтар 2019, 10:25 5 492 рет қаралды
Көш бастаған үштік Басқа жаңалықтар

Көш бастаған үштік

ҚР Статистика комитеті еліміздегі ең қымбат тұрғын үйдің топ-үштігін жариялады. Бұл үштікте Астана, Алматы және Атырау қатар орналасқан. Бәлкім, бұл ресми, «оңтүстік» және «мұнай» астаналарына тән болуы керек шығар. 11 қаңтар 2019, 00:00 2 493 рет қаралды
Жақындағы көрші артық Басқа жаңалықтар

Жақындағы көрші артық

Жуырда өткен Индер аудандық мәслихаты  сессиясында Бұқар ауылының әкімшілік бағыныстылығын Қызылқоға ауданына беру туралы шешім қабылданды. Бұл көптен күткен жаңалық еді. Өйткені ауыл Индер ауданының Жарсуат округінен 120, ал Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан 12 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындар қарапайым құжаттары үшін жүз шақырымнан аса жол жүруге мәжбүр еді.  10 қаңтар 2019, 16:33 4 927 рет қаралды
5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды Оқиға

5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды

№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан. 10 қаңтар 2019, 16:31 4 524 рет қаралды
Жазда Қашаған бір жарым айға тоқтатылады Басқа жаңалықтар

Жазда Қашаған бір жарым айға тоқтатылады

Биылғы жыл ортасында Қашағандағы D аралы мен «Болашақ» мұнай және газ өңдеу қондырғысы 45 күндік күрделі жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл туралы «АЖ» редакциясының сауалына жауап бере отырып, NCOC консорциумында хабарлаған еді. 10 қаңтар 2019, 14:12 2 654 рет қаралды
Халал шұжыққа шошқа майын қосқан Басқа жаңалықтар

Халал шұжыққа шошқа майын қосқан

Атырауда азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жасау кезінде шұжық өнімдерінің 48 сынамасының Кеден одағының техникалық регламенттерінің таңбалау жөніндегі талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық дәрігерлері «АЖ»-ға халал шұжықтан шошқа етінің табылғанын хабарлады. 10 қаңтар 2019, 11:59 6 468 рет қаралды
«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес» Басқа жаңалықтар

«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес»

«Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүниеге келген 20 шақты сәби шетінеді деген ақпарат шындыққа сай келмейді, сәби өлімі анағұрлым аз болды», - деп мәлімдеді Атырауда арнайы шақырылған брифингте орталық директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ. Бірақ ол деректердің он күн сайын жиналатындығына сілтеп, нақты санын атамады, статистика сәл кейінірек белгілі болады. Нысанбаевтың айтуынша, шетінеген нәрестелердің барлығы мерзімінен бұрын дүниеге келген және оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 9 қаңтар 2019, 16:50 3 935 рет қаралды
Атыраулық альпинизм Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинизм

Жайық суы қатқаннан кейін Атырау тұрғындары әдетте арғы бетке мұз үстімен өтеді. Қазір мұз қалың, қауіпсіз, алайда жағалауға шығаратын қираған сатылар бір күні өкінішті оқиғаларға әкелетіні сөзсіз. Сурет 9 қаңтар 2019, 13:42 2 300 рет қаралды
Атырау облысында сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысында сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін, 9 қаңтарда Атырау облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Серік ШАПКЕНОВ өңір активіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысын - мемлекеттік лауазымды бос орынға жарияланған конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған Асқар Жанахметті -таныстырды. Ол бұрын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.  9 қаңтар 2019, 12:16 4 094 рет қаралды
Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді? Басқа жаңалықтар

Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді?

Бейресми ақпарат бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүние есігін ашқан 20 шақты нәресте шетінеп кеткен. Баласын жоғалтқан аналардың бірінің айтуынша, бұл қан құйғаннан кейін болған. 9 қаңтар 2019, 10:33 3 021 рет қаралды