Атырау, 19 сәуір 05:31
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алмалы маңындағы көлік апаты: бір адам көз жұмып, бес адам жараланды

Сурет
5 174 просмотра


12 қаңтарда Алмалы ауылының маңындағы Атырау-Орал трассасында Lada Granta мен «ВАЗ-2114» көлігі бетпе-бет соқтығысқан. 

Алынған зақым салдарынан "ВАЗ"-дың 32 жастағы жүргізушісі көз жұмды. 5 адам облыстық ауруханаға жатқызылды.

- ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Әлеуметтік желілерде медиктер мен полицейлердің зардап шегушілердің, соның ішінде 17 жастағы қыздың туыстарын таба алмай жатқаны туралы ақпарат таралуда. Алайда полициядағылар барлығының туыстарына хабарланғанын мәлімдеді.

Фархат ӘБІЛОВ

12 қаңтар 2019, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.