Атырау, 25 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жақындағы көрші артық

4 541 просмотра


Жуырда өткен Индер аудандық мәслихаты  сессиясында Бұқар ауылының әкімшілік бағыныстылығын Қызылқоға ауданына беру туралы шешім қабылданды. Бұл көптен күткен жаңалық еді. Өйткені ауыл Индер ауданының Жарсуат округінен 120, ал Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан 12 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындар қарапайым құжаттары үшін жүз шақырымнан аса жол жүруге мәжбүр еді.  

Бүгінде Бұқардағы 14 үйде 74 тұрғын тұрып жатыр. Қанша шалғай орналасқанымен ауыл табиғи газ, таза су желісі, телефон, электр жарығымен толық қамтамасыз етілген.

- Бастапқыда мұнда  көп үй болған. Бірақ өте жырақтау болғандықтан көптеген адам басқа жаққа қоныс теуіп, көшіп кетті,-дейді бұқарлықтар.

Қызылқоға ауданы жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бастығы Ержан НУРАЛИН:

- Ауылдың Қызылқоға ауданына өтуі туралы мәселені тұрғындардың өздері бұрыннан көтеріп келе жатқандықтан, ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Индер ауданы әкімдігінің шешімі шықты, енді облыс әкімінің қаулысы қажет, соны күтіп отырмыз. Бұдан кейін тұрғын үйлер мен жерді заңдастыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан кейін ауылды көркейту шаралары қолға алынады.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қаңтар 2019, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.