№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан.
- Сот отырысында сотталушы мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы келісім түріндегі іс жүргізу келісімін жасауға өз еріктерімен ниет білдірген. Олар іс-әрекеттің саралануына, іс бойынша дәлелдерге және тағылған айыптарға дау айтпады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.
Осы жағдайды ескере отырып, сот Л.-ды осындай айыптаудың минималдық мерзіміне – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Фархат ӘБІЛОВ