
Қазақстандық FlyArystan лоукостері дәстүрлі «Берекелі бейсенбі» акциясы аясында Қытай қалаларына әуе билеттерінің екі күндік сатылымын жариялады. Ұшудың ең төменгі құны 28,5 мың теңгеден басталады.
Әуе билеттері мен тарифтік пакеттерді төмендетілген бағамен тек 2026 жылғы 12 және 13 қарашада сатып алуға болады.
Акция 2026 жылғы 17 қарашадан 2027 жылғы 3 наурызға дейінгі сапарларға қолданылады (2027 жылғы 1–7 ақпан аралығы есепке алынбайды).
Жеңілдік қай бағыттарға қолданылады:
Алматы — Іле (Құлжа) — Алматы: 28 500 теңгеден бастап;
Астана — Іле (Құлжа) — Астана: 29 000 теңгеден бастап;
Астана — Үрімші — Астана: 34 300 теңгеден бастап;
Ақтау — Үрімші — Ақтау: 39 000 теңгеден бастап;
Алматы — Сиань — Алматы: 69 000 теңгеден бастап;
Алматы — Чунцин — Алматы: 91 500 теңгеден бастап.
Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағыттар қазақстандықтарға бай мәдениетімен, тарихи сәулетімен және заманауи мегаполистерімен танымал Қытайға сапарларын оңай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Акциялық тарифтер бойынша билеттерді әуе тасымалдаушының ресми сайтынан және FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
В Атырау +4.1