Атырау, 13 қараша 15:09
 дождьВ Атырау +3.7
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Алатау ауданында интимдік қызмет көрсетуші клиенттерді алдап кеткен оқиға орын алды

196 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Алматы қаласының Алатау ауданында интимдік қызметті пайдалануға әрекеттенген екі ер адам алаяқтыққа қатысты полицияға арызданды.

Белгілі болғандай, қала тұрғындары интернеттен тиісті хабарландыру тауып, жергілікті қонақүйлердің бірінде қызбен кездесуге келіскен. Алайда кездесу ойдағыдай өтпеген: алдын ала төлемді алған қыз клиенттерден сәл күте тұруды сұрап, аз уақытқа шаруасымен шығып келетінін айтқан. Бірақ ол қонақүй бөлмесіне қайта оралмаған.

Ақшасынан айырылған ер адамдар мұнымен келіспей, қызды өз бетінше іздеуге кіріскен. Біраз уақыттан кейін олар оны жақын маңдағы шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып, полиция шақырған.

Нәтижесінде үшеуінің де кеші аудандық полиция басқармасында аяқталды. Департаменттің мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ал оқиғаға қатысушылардың әрқайсысының, яғни қыздың да, оның клиенттерінің де әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Кеше, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.