
Атырауда Водников-3 тұрғын үй массивіндегі №13 көшеде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жол апаты, 11 қарашада сағат 6:30 шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жергілікті әскери бөлімде қызмет өткеріп жатқан сарбаз Hyundai Tucson автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Ол басып озу кезінде әйелді байқамай қалып, соққан. Түрлі жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.
Редакция Атырау облысы полиция департаментінің ресми ақпаратын күтіп отыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3.9