Атырау, 13 қараша 15:09
 дождьВ Атырау +3.7
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Нұрлан Жақыпов пен Ерлан Орыншиевтің ұсталуына қатысты мәліметтер жария етілді

149 рет қаралды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі елдегі екі ірі ұлттық компанияның басшылары — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ерлан Орыншиевтің ұсталғанын хабарлады.

Ведомствоның ресми мәліметінше, ұстау шарасы 11 қарашада өткен. Қор мен ұлттық компанияның топ-менеджерлерінен бөлек, іс бойынша басқа да тұлғалар бар. Олардың барлығы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. ҰҚК тергеу барысы мен күдіктілерге тағылған айыптардың мән-жайын жария етпеді. Бұған ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) негіз болған.

Комитетте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын 2023 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. Ал Елжас Орыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне салыстырмалы түрде жақында, 2026 жылдың шілдесінде тағайындалған.


Кеше, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.