Атырау, 25 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақ үйден» кетті

3 608 просмотра


Бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА өз қалауымен лауазымынан кетті. Бұл туралы арнайы шақыртылған активте өңір басшысы Нұрлан НОҒАЕВ хабарлады.

Ол бұл лауазымда жақсы жұмыс істеді, - деп отставкаға қысқаша түсінік берді облыс әкімі.

Атырау облысының тумасы Нұрсәуле Сайлауова 2017 жылғы 6 қаңтарда Сәлімжан НАҚПАЕВТЫ алмастырып, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Бұған дейін облыстық білім беру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

«АЖ»-дың бейресми ақпараты бойынша, Сайлауовадан ол жетекшілік еткен (әлеуметтік-қоғамдық блок, білім беру, денсаулық сақтау) салалардағы дау-дамайлар кезегінен кейін жұмыстан кету туралы арыз жазуын өтінген. Естеріңізге салсақ, Жаңа жыл қарсаңында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен облыстық білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары ұсталған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

15 қаңтар 2019, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.