
Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Негізгі құралдардың бірі — «Отбасының цифрлық картасы». Онда 6,2 млн үй шаруашылығына кіретін 20 млн-нан астам азамат туралы 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мәліметтер біріктірілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы мұқтаж 480 355 отбасы әл-ауқат деңгейі жоғары санаттарға ауыстырылған. Ал 2026 жылдың басынан бері мұндай отбасылардың саны тағы 464 158-ге артқан.
Әлеуметтік төлемдердің атаулылығын арттыруға бағытталған реформа мәселесі де жеке талқыланды. Ауқатты азаматтар үшін өзгерістер 36 төлем түрінің тек 14-іне қатысты болады. Ал қалған 22 төлем бойынша қолданыстағы тетіктер сақталады. Үкіметтің атап өтуінше, мұқтаж азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау толық көлемде жалғасады.
Қазіргі уақытта SMS-хабарламалардан кейін 200-ден астам адам мұқтаж еместігін мәлімдеп, жәрдемақы алудан өз еркімен бас тартқан.
Осыған байланысты Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті таныстырды. Оны eGov Mobile қосымшасында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл сервис ауқатты азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн түрде жәрдемақыдан бас тартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әкімдіктер ұсынатын 66 әлеуметтік көмек шарасына қайта талдау жүргізілді. Олардың 38-і ішінара қайталанатындықтан оңтайландырылды, ал қалған 28 шара ел бойынша бірыңғай тағайындау өлшемшарттары бар 13 ірі бағытқа біріктірілді.
Маусым айынан бері Бірыңғай цифрлық платформа арқылы жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асатын 55 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 1,8 млрд теңгеден астам сомаға өтініштер мақұлданған.
Тағы бір маңызды бағыт — «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы». Қазіргі уақытта онда 10 және одан да көп қызметкері бар 99 мыңнан астам кәсіпорын тұрақты бақылауда тұр.
Жүйе 80-нен астам көрсеткішті талдайды. Бүгінгі таңда тәуекел деңгейі жоғары 2 792 кәсіпорын және орташа тәуекел деңгейіндегі 3 137 кәсіпорын анықталған. Жиі кездесетін заңбұзушылықтардың қатарында міндетті төлемдерді уақтылы аудармау, еңбекақы төлеудегі айырмашылықтар және ең төменгі жалақы талаптарын сақтамау бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласында да жасанды интеллект қолданылады. Компьютерлік көру технологиясы қазірдің өзінде 183 мыңнан астам өтіні
В Атырау +17.1