Атырау, 18 қаңтар 17:21
Кешке ашық-9, түнде -9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.60  € 429.06  P 5.66

Газды сатып үлгермеді

12 қаңтар 17:05


Құрманғазы аудандық соты ілеспе құжаттарсыз мұнай өнімдерімен операциялар жасады деп айыпталған Құлсары қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды. 

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, азамат А. белгісіз тұлғадан 40 тонна сұйытылған көмірсутек газын заңсыз иемденіп, ресейлік таныстары арқылы тиісті автокөлік жалдап, Ресейге сату үшін осы партияны алып шықпақ болған.

- ҚР ҚК-нің 197-бабының 3-тармағы (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз ірі мөлшерде оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу) бойынша іс қозғалды, - деп хабарлады Атырау облыстық МКД Экономикалық тергеу қызметінің баспасөз қызметінде.

Сот азамат А.-ның кінәсі дәлелденді деп тауып, оны бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

565 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет