Атырау, 25 желтоқсан 16:00
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Құр қағаз үшін сотталды

4 311 рет қаралды


№2 сот ҚР ҚК-нің 216-бабы (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша айыпталған Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ЖШС директоры Р. басқа ЖШС-нің банкрот жағдайында екенін білсе де, оған іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтер үшін шот-фактура жазып берген. Салық төлеуден жалтару түрінде мемлекетке 114 млн теңге залал келтірілді.

Сот Р.-ды пробациялық бақылау белгілеумен қатар бір жыл жарымға бас бостандығын шектеу жазасына тағайындады.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қаңтар 2019, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.