Атырау, 25 желтоқсан 12:33
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

Екпеге кімдер қарсы? Басқа жаңалықтар

Екпеге кімдер қарсы?

Жылыой ауданында 312 баланың ата-анасы екпе салудан бас тартқан. Олардың басым бөлігі дәстүрлі емес діни ағымдағылар. Жергілікті дәрігерлерді екпе салдырудан бас тартушылар қатарының көбеюі алаңдатып отыр.  2 мамыр 2017, 11:22 2 163 рет қаралды
Үшті-күйлі жоғалған ЖШС Басқа жаңалықтар

Үшті-күйлі жоғалған ЖШС

«Күмісбек» кен орнындағы қараусыз қалдырылған екі ұңғыма тиесілі «Қолжан Ойл» ЖШС басшылығын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Кен орны Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылынан 100 шақырым жерде орналасқан.  2 мамыр 2017, 11:20 4 208 рет қаралды
​Сырахана клиенті күзетшіні зақымдаушы қарумен атып тастады Оқиға

​Сырахана клиенті күзетшіні зақымдаушы қарумен атып тастады

Атырауда 30 сәуірге қараған түні Сырым Датов көшесіндегі «Кайзер» сыраханасына келуші күзетшіні зақымдаушы тапаншамен бірнеше рет атқан. Мойнынан жарақат алған күзетші облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. 30 сәуір 2017, 15:14 3 471 рет қаралды
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жиналыс жемқорлыққа қарсы митингіні еске түсірді Басқа жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жиналыс жемқорлыққа қарсы митингіні еске түсірді

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Кәкім ШАЛТАНОВ және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» (ТҚЖБ) АҚ Атырау облыстық филиалының басшысы Нұрбол ҚҰРМАННЫҢ қатысуымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өтті. Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2017, 22:17 4 978 рет қаралды
Фура қалай өтіп кеткен? Оқиға

Фура қалай өтіп кеткен?

Құрманғазы қосыны КамАЗ-ды шолып тексерген кезде ешқандай күдік тудырмағандықтан, 4 тонна қызыл балық тиелген фураны өткізіп жіберген. Ал «мұқият тексеруге» шекарашыларда негіз болмаған. «Бекiре-2017» штабының кезекті отырысында Қараөзек қосынында ресейлік әріптестерінің браконьерлік фураны ұстаған жанжалды фактісі туралы осындай комментарий берілді.   Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2017, 20:21 5 000 рет қаралды
Бірінші мамырды қалай тойлаймыз Басқа жаңалықтар

Бірінші мамырды қалай тойлаймыз

Исатай мен Махамбет алаңы 11.00 - театрландырылған-хореографиялық «Мәңгілік ел-Қазақстан» қойылымы. ҚР халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен мерекелік концерт 12.30 –Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымының концерттік бағдарламасы 15.00 – балалардың IV халықаралық «Алмалы. KZ» өнер фестивалінің салтанатты ашылуы 20.00 - қазақстандық эстрада жұлдыздарының «Қазақстан-ұлы достық мекені» мерекелік концерті Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы 17.00 –  балалардың IV халықаралық «Алмалы. KZ» өнер фестивалі 29 сәуір 2017, 19:27 2 277 рет қаралды
Махамбетте 3 жасар бала суға кетті Оқиға

Махамбетте 3 жасар бала суға кетті

26 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да ТЖД кезекші бөліміне Махамбет поселкесінің маңындағы Жайық өзеніне 3 жасар баланың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Судан құтқару қызметінің қызметкерлері сәбидің денесін жарты сағаттан кейін судан шығарып алды. 27 сәуір 2017, 13:21 4 419 рет қаралды
Облыс әкімі теңізден балық аулауға салынатын тыйымға қол жеткізбек Басқа жаңалықтар

Облыс әкімі теңізден балық аулауға салынатын тыйымға қол жеткізбек

Бұл бейнежазбаны жақында теңіз жағасындағы Жанбай поселкесінің жастары түсірген: екі тәулік бойы соққан күшті жел екпінімен жағалау бойында қазыққа байланған балық аулайтын бударалар ығып кеткен, моторлары шашылып жатыр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Олег ТУШКАНОВТЫҢ айтуынша, бұл «Абылайхан», «Ракуша» және «Жамбыл» балық аулау кооперативтерінің қайықтары екен. Бейнежазба 27 сәуір 2017, 00:00 4 150 рет қаралды
Зиратқа «кездейсоқ» барған ба? Қоғам

Зиратқа «кездейсоқ» барған ба?

«АЖ»-ға қаладағы христиандар зиратының жағдайын айтып, іші қоқысқа толы, металл қоршаулар жоқ болып кетеді деп шағымданатын оқырмандар үнемі қоңырау шалып тұрады. Ал егде жастағы қала тұрғыны Иван Георгиевич, мәселен: «Мен жақын туысымды жерлеу және басқа жоралғылардан бөлек «Тіркеу және жерлеуге рұқсат» үшін 10 мың теңге төледім. Бұл қандай «рұқсат» өзі? Неліктен түбіртек фискалды чексіз берілген?» деп сұрайды. 27 сәуір 2017, 00:00 5 742 рет қаралды
«Қызыл балықтың азаюы - адамның қолынан жасалған іс» Басқа жаңалықтар

«Қызыл балықтың азаюы - адамның қолынан жасалған іс»

Атыраулық инженер Өмірбек ЕРҒАЗИЕВ «Қызыл балық. Өсімді қалай сақтап, көбейтуге болады» тақырыбында жоба қорғап, швейцариялық ASMB Astana School of Management and Business оқу орнының грантын жеңіп алды. 27 сәуір 2017, 00:00 8 315 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Сәуірдің 24-де таңертең түнгі ауысымнан кейін үйлеріне келе жатқан жаяу полицей патрулінің қызметкерлері Азаттық даңғылының бойындағы дүкенге сынған терезе арқылы кірмек болған жас жігітті байқады. Тез арада оны ұстайды. Ұсталған жігіт Атыраудың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Сынған терезе түріндегі тигізген зияны 100 мың теңгені құрады. 27 сәуір 2017, 00:00 3 093 рет қаралды
Балалар, робот және Рубик кубигі Басқа жаңалықтар

Балалар, робот және Рубик кубигі

Сан алуан қызықты эксперименттер, роботтар, компьютерлік бағдарламалар арқылы басқарылатын құрылғылар, аппараттар, қағаздан, ағаштан, металдан жасалған неше түрлі құрал-жабдықтар – бұлардың бәрі Атыраудағы «Білім-инновация» лицейінде өткен «Білім көрмесінде» келушілер назарына ұсынылды. 27 сәуір 2017, 00:00 4 447 рет қаралды
Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды Оқиға

Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды

23 сәуірде сағат 05.30-да SsangYoung арнайы көлігіндегі «Батыс-25» полицей экипажы жүргізушісі тоқтау талабына бағынбаған «Тойота Хайлюкс» көлігінің ізіне түсті. Қуғын кезінде полицей машинасы Абай мен Махамбет көшелерінің қиылысында «Фольксваген-Поло» көлігімен соқтығысып, содан соң бағдаршамның металл бағанасына соқтықты.  Сурет Бейнежазба 26 сәуір 2017, 16:33 3 980 рет қаралды