Атырау, 21 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атыраулық боксшы қыз екі жылға жарыстан шеттетілді

3 242 просмотра


Атыраулық танымал боксшы Назым ИЩАНОВА допинг қолданғаны үшін екі жылға жарыстан шеттетілді. Осылайша ол Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу цикліне қатыса алмайды. Бұл ақпаратты «АЖ»-ға Қазақстан бокс федерациясының үйлестірушісі Галина ТОПОЛЕВА растады.

Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақтағы ұлттық құраманың бірінші боксшысының денесінен тапсырған допинг-сынама бойынша фармакологиялық фуросемид табылған. Бұл ҚР Ұлттық допингке қарсы орталығының веб-сайтында жарияланған жарыстан шеттетілген спортшылар тізімінен белгілі болды. Сынама спортшыдан 2018 жылдың 19 қазанында алынған. Ал жарыстан шеттету 2018 жылдың 26 қарашасынан бастап 2020 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады.

Назымның өзінен комментарий алу мүмкін болмады. Оның ұялы телефоны ажыратулы немесе қызмет көрсету аясынан тыс жерде болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Қазақстан бокс федерациясы ұсынған сурет

4 қаңтар 2019, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.