Атырау, 25 қараша 10:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Отшашулар туралы

2 548 просмотра


Әр түрлі фейрверктер мен отшашулар Жаңа жыл мерекесінің ажырамас атрибуттарына айналған. Алайда, бір қызығы, «Дина» базарында «АЖ» тілшісі  бұрынғы жылдардай емес, ретсіз сатылым жоқтығын көрді. Базардағылар қазір лицензияланбаған отшашулар бойынша полиция рейд жасап жатқанын, сол себепті көбі сата алмай отырғанын айтты. Дегенмен, Жаңа жылға жақын адамдар бәрібір салют сатып алулары керек қой. 

Рейд жүріп жатқаны рас екен. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА облыста 18 желтоқсан мен 2019 жылғы 3 қаңтар аралығында «Пиротехника»  профилактикалық іс-шарасы жүретінін хабарлады.

- Іс-шара барысында полиция пиротехникалық заттарды лицензиясыз, заңсыз сатуға болмайтынын ескертеді,- дейді Н. Қайсағалиева. -  Бүгінде 4 азамат осындай саудамен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал Атырауда дәстүрлі үлкен мерекелік салют 31 желтоқсанда дәл түнгі он екіде атылады. Сұлтан Бейбарыс алаңындағы жаңажылдық серуен осы күні сағат 20-да басталады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

30 желтоқсан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.