Атырау, 25 қараша 10:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облыстық әкімдігі облыстық білім беру басқармасы басшысының ұсталуына байланысты түсінік берді

3 943 просмотра

Серік ШӘПКЕНОВ
Мемлекеттік органдар басшыларымен өткен аппарат жиынында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШӘПКЕНОВ аймақтың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасады, сондай-ақ, 2019 жылға нақты тапсырмалар жүктеді.  

Сонымен қатар, жиналыс барысында қазіргі таңда білім беру басқармасының бірнеше қызметкерінің, сондай-ақ басқарма басшысының ұсталуы бойынша мәлімет барын айтып өтті.

- Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатқандықтан біз болған жағдайға толыққанды баға бера алмаймыз, - деді Шәпкенов.

- Күдіктілердің кәнісін сот анықтайды. Алайда, атқарушы орган тарапынан осы және өзге де мемлекеттік қызметкердің қызметтегі адалдығына күмән туғанының өзі бізді бей-жай қалдырмайды. Себебі, жемқорлықпен күрес – біздің жұмысымыздағы ең басты тапсырма, сондықтан біз осындай жайттар орын алмас үшін бар күшімізді салатын боламыз. 


Шапкеновтің айтуынша, жуық арада облыстық әкімдікке қарасты барлық басқармада ішкі аудит жүргізілетін болады.

- Ішкі аудит бөлімінің қызметкерлері барлық басқармаға кіріп, мемлекеттік сатып алу құжаттарындағы және ішкі құжаттардағы заңның сақталуын жіті тексеретін әрі талқылайтын болады, - деді Шапкенов. - Егер қандайда бір басқарма немесе соған қарасты ұйымдарда тәртіп бұзушылық орын алатын болса, арнайы шаралар қабылданатын болады.

Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз хабарламасы

3 қаңтар 2019, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.