Атырау, 25 қараша 10:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Темекі шекпейтін адамға жалған хаттама толтырған

3 219 просмотра


Құрманғазы аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық туралы жалған хаттама толтырған полиция лейтенантына қатысты үкім шығарды. Полицей мүлдем темекі шекпейтін адамға қоғамдық орында темекі тартқаны үшін айыппұл салған.

Зардап шегуші И. сотта өзін трасса бойында полицейдің тоқтатып, жақын шамды жақпай келе жатқанын айтқан. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы тәртіп сақшысы сол жерде толтырмай, оның орнына жүргізушіден бос қағаз парағына қол қоюын сұраған. Кейінірек И. өзіне қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынғанын біледі. Ал ол темекі тартпайтын еді.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады, бірақ бұл тергеу барысында дәлелденді.

- Сот-қолтаңба сараптамасын тергеу барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамадағы қолтаңбаның сотталушының өзіне тиесілі екені анықталды, - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінде.

Сот полицейді ҚР ҚК-нің 416-бабының 2-тармағы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді лауазымды адамның бұрмалауы) бойынша кінәлі деп тауып, 2 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын айырумен қатар, 1 жыл жарым мерзімге бас бостандығын шектеу үкімін шығарды. Сонымен қатар, ол «полиция лейтенанты» шенінен айырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

3 қаңтар 2019, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.