Атырау, 29 наурыз 01:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті

3 398 просмотра


Атырау қалалық №2 соты балық браконьерлігімен айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарап, қазақстандық тәжірибеде сирек кездесетін шешім шығарды: сотталушының екеуін толық, қалған үшеуін ішінара ақтап шықты.

Атырау тұрғыны И.К. ҚР ҚК-нің 339-бабы (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) және 262-бабының 1-тармағы (ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету) бойынша айыпталған еді. Бірақ сот оны тек 339-бап бойынша ғана кінәлі деп тапты, ал 262-тармақ бойынша ақтады. А.К. мен Н.Т. 339-бап пен 262-баптың 2-тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) бойынша айыпталды, бірақ сот тек 339-бап бойынша кінәсі дәлелденді деп шешті. Нәтижесінде үшеуіне де 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. 

339-баппен және 262-баптың 2-тармағымен айыпталған тағы екеуі қылмыс құрамы жоқ болғандықтан толықтай ақталды.

Мұндай жағдайларда ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша, сот тергеу барысында жіберілген бұзушылықтар туралы Атырау облыстық прокуратурасының, табиғат қорғау прокуратурасының, полиция департаментінің, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясының және Атырау облыстық сот сараптамасы институтының басшыларына жеке қаулы шығарды.

Фархат ӘБІЛОВ

5 қаңтар 2019, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.