Атырау, 25 қараша 10:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Физика қиын, ашиды миың

2 919 просмотра


6 қаңтарда Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде облыстық пәндер олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Екі күнге жалғасқан білімділер жарысына аудандық, қалалық олимпиадалардың іріктеу кезеңінен өткен 655 оқушы қатысты. Оқушылар 14 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқық, ағылшын, француз тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география) білімдерін сынады.

Қазылар алқасының төрағасы, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дің аға оқытушысы Нұрсила СӘРСЕНОВАНЫҢ айтуынша, олимпиада тапсырмалары мектептің бағдарламасынан күрделі болады екен. Оқушыларға математика, физика пәнінен жауап беру қиынға соққан.

Командалық есеп бойынша 1-ші орынды «Білім-Инновация» лицейі иеленсе, облыстық ұлттық гимназия мен Атырау қаласы мектептерінің командасы екінші орын алды. Ал облыстық мамандандырылған қыздар мектеп-лицейі мен Жылыой ауданының командасы 3-ші орынға ие болды.   Жеңімпаздар мен екінші орын алған оқушылар республикалық олимпиадаға жолдама алады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

8 қаңтар 2019, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.