Бүгін, 9 қаңтарда Атырау облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Серік ШАПКЕНОВ өңір активіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысын - мемлекеттік лауазымды бос орынға жарияланған конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған Асқар Жанахметті -таныстырды. Ол бұрын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.
Ақтөбе облысының тумасы Асқар Жанахметтің құрылыс және экономика саласы бойынша екі жоғарғы білімі бар. 2006 жылы жеке секторда менеджер, кейінірек жеке компанияның бас директоры болған. 2012 жылдан бастап бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары ретінде мемлекеттік қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап және осы тағайындауға дейін осы басқарманың басшысы лауазымында қызмет еткен.
Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор