Атырау, 25 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраулық альпинизм

Сурет
1 937 просмотра

Жайық суы қатқаннан кейін Атырау тұрғындары әдетте арғы бетке мұз үстімен өтеді. Қазір мұз қалың, қауіпсіз, алайда жағалауға шығаратын қираған сатылар бір күні өкінішті оқиғаларға әкелетіні сөзсіз.

Жақында жұмысқа келе жатып, жағалаудан оң жақ бетке өтпекші болған келіншектің жағалауда әрлі-бері ұзақ сенделіп сатыға аяқ басуға қауіптеніп тұрғанын байқадым. Көмектесуге ұмтылғанымды көрсе де, өздігінше айла тауып үлгерді: алдымен жағалаудағы бетон жабындының үстінен төменге балаларын зырғанатып түсіріп,  кейін арбаны жіберді. Содан соң өзі осы жерден өтушілердің бірі байлап кеткен арқанмен тартылып түсті.

Жайық бойының екі жағындағы барлық сатылардан өтушілер де осыған ұқсас күй кешеді десек қателеспейміз.  Әсіресе балалы аналар мен қарттарға қиын.

Жағалаудағы сатылар қашан жөнделеді сауалымызға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі «Жағалаудағы сатылардың барлығы Жайық жағасына күрделі жөндеу жүргізу кезінде жөнделетін болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сарапатамадан өтіп, құрылыс жұмыстары басталды», - деп жауап берді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттерді түсірген автор

9 қаңтар 2019, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.