Оған мұнайлы астанадан ғана емес, Астанадан, Шымкенттен, Тараздан, Семейден, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан 70 оқушы қатысты. Бір кездері венгр өнертапқышы Эрно РУБИКТІҢ өзінің түрлі-түсті ойжұмбағын құрастыруға шамамен бір ай уақыты кеткен еді. Ал қазіргілер оған секундтаған уақыттарын жұмсады.
Рубик кубигін 1974 жылы ойлап тапты. Осы уақыт ішінде оған қызығушылық жоғалған жоқ, сайыстар өткізіліп тұрады. Әлі күнге дейін энтузиастар оны өте шапшаң жинауға мүмкіндік беретін түрлі сызбалар мен алгоритмдерді талқылайды. Мәселен, Атырауда өткен турнирде балалар 14 түрі бойынша сайысты, ал көзді жұмып құрастыру сайыстың нағыз шырқау шегі болды.
Чемпионаттың ең жас қатысушысы сегіз жасар - Диас ҚАРАҒҰЛ. Ол ересектерден кем түспей, түрлі-түсті шаршыларды епті қолдарымен шапшаң жинады. Ал Әзиз ОЛЖАҒАЛИДЫ қарындасы қолдауға келді. Ол ағасынан бір минут та алыстамай, ойын дұрыс жинақтауына қол ұшын беріп тұрды. Әзиздің өзінің мойындауынша, ол Рубик кубигімен кездейсоқ әуестенген:
- Менің алғашқы кубигімді туыстарым сыйға тартты, бұрын бұл туралы мүлдем ойламайтынмын. Бір күні қолыма алдым, содан соң тоқтай алмадым. Енді міне, осы жерде отырмын, бұл спидкубинг бойынша алғашқы сайысым емес.
Чемпионатқа «WorldCubeFederation» өкілі Степан ДЖУРИЛО қатысты. Ол қатысушылардың жоғары деңгейін атап өтіп, қызықты ойжұмбақтың гаджеттерге қызығушылықты мүлдем жоятындығына уәде беріп, ата-аналарға балалардың планшеттері мен телефондарын Рубик кубигіне алмастыруға кеңес берді. Ендеше, мұны тексеруге болады.
Ал турнирдегі орындар былай бөлінді. Үшінші орын - Самалбек КЕЛИМОВТІҢ, екінші орын - Әмірхан ИСЛАМОВТЫҢ еншісінде, ал 12 секундта кубигін құрастырған Әзиз Олжағали чемпион атанды. Қалған қатысушылар Қазақстан спидкубинг федерациясының алқалары мен естелік дипломдарын алды.
Турнирді ұйымдастырушылардың бірі, «KazakstanSpeedcubingFederation» ҚБ төрағасы Арман МАШИМОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанның барлық мектептерінде Рубик кубигін құрастыруды қосымша сабақ ретінде енгізу жоспарланған:
- Қазір білім және ғылым министрлігімен келіссөздер жүріп жатыр. Келісімге келеміз деп ойлаймын, өйткені спидкубинг балалардың логикалық және арифметикалық ойлау қабілетін дамытуға көп көмектеседі.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор