Атырау, 14 наурыз 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес Басқа жаңалықтар

«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес

Ұлттық экономика министрлігі барлық облыстан шаруа қожалықтарындағы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға, содан соң оны делдалдарсыз тұрғындарға төменгі маржамен сатуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын (КТО) ашу жоспарын жариялады. Ал Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол ҚАБДЕШОВТІҢ айтуынша, біздің өңірде КТО салынбайды. Өйткені бізде осындай қызмет атқаратын «Сарайшық» коммуналдық базары бар. 2 шілде 2019, 12:37 3 100 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев:  "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ірі мұнай компаниялары мен олардың мердігерлерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2 шілде 2019, 11:27 4 017 рет қаралды
Жарамсыз пандустың ұзаққа созылған хикаясы Басқа жаңалықтар

Жарамсыз пандустың ұзаққа созылған хикаясы

2017 жылдың қазанында «АЖ» Жилгородок ықшамауданы жақтағы жаяу жүргіншілер көпірі алдындағы пандус туралы жазған болатын. Бұл арқылы мүгедектер мен арбадағы сәбилерін сүйреген аналарға не жоғарыға, не төменге түсу өте қиын. 2018 жылдың басында Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне айыппұл салды. Ал жақында ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында жұмыстарды орындаушыны анықтау тендері жарияланды. 2 шілде 2019, 12:03 2 581 рет қаралды
ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері: «Әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтарға сенбеңіздер» Басқа жаңалықтар

ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері: «Әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтарға сенбеңіздер»

Атырауда «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас кеңсесінде журналистер компанияның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВПЕН кездесті. Мұнда жақында Үшінші буын зауытының аумағында болған оқиғалар туралы сөз қозғалды. 2 шілде 2019, 10:57 3 351 рет қаралды
Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore" (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам Теңізде болған оқиға үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Бейнежазба 1 шілде 2019, 14:34 4 088 рет қаралды
Теңіз әзірге тыныш Басқа жаңалықтар

Теңіз әзірге тыныш

Әлеуметтік желілерде Теңіздегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 237 араб, 578 үнді және 780 Қытай азаматы елден шығарылып жатыр, ал олардың жұмыс орындарына қазақстандықтар тартылады деген ақпараттар пайда болды. Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысқан 23 қазақстандық әйел, Теңіз вахталық поселкесінде притон ұйымдастырғаны үшін тағы 12 қазақстандық жауапқа тартылады делінген. «Бұл жалған», - деді Атырау облысы әкімдігіндегілер. – Қазір мұндай ақпараттар көп, оларға назар аудармаған жөн». 2 шілде 2019, 11:47 3 281 рет қаралды
Ол рэпті, футболды және сандарды ұнатады Басқа жаңалықтар

Ол рэпті, футболды және сандарды ұнатады

ҚТЛ оқушысы Айбек МЫРЗАТАЕВ ең жоғарғы ұпай алып, Кипрде жасөспірімдер арасында өткен XXIII Халықаралық Балкан математикалық олимпиадасының абсолюттік чемпионы атанды. Олимпиадаға әлемнің 17 елінен 112 өкіл қатысты. Қазақстан құрама командасы осы сайыстарға үнемі қатысып отырады. Бірақ бейресми командалық есепте, соның ішінде, біздің Айбектің алтын алқасының арқасында құрметті екінші орынға алғаш рет ие болып отыр. 1 шілде 2019, 17:53 2 519 рет қаралды
Періште де сыйлықсыз қалмады Қоғам

Періште де сыйлықсыз қалмады

Атырауда «NIGHT RACE 2019» түнгі жүгіру шарасы өтті. Түнгі марафонның жалпы қашықтығы 4,5 шақырым болды. Мұз сарайы ғимаратынан бастаған желаяқтар Лесная көшесінен айналып, кері қайтты. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бейнебақылау камералары арқылы қадағалады. Сурет 1 шілде 2019, 16:36 3 251 рет қаралды
Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды Оқиға

Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы (Аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды өткізу) бойынша айыпталған азамат К.-ға қатысты үкім шығарды. 1 шілде 2019, 13:34 3 600 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 1 шілде 2019, 12:37 4 153 рет қаралды
Теңіздегі ахуалға не түрткі болды? Басқа жаңалықтар

Теңіздегі ахуалға не түрткі болды?

Желіде түпнұсқаға өте ұқсас құжат пайда болды. Бірақ реквизиттері мен қойылған қолдары жоқ, яғни, оны кімнің жазғаны, қай құқыққорғау органына тиесілі екені және т.б. түсініксіз.  Көпшілік оның шынайылығына күмәндануда, жергілікті билікке жақын дереккөздер оны фейк деп санайды. 30 маусым 2019, 14:27 5 367 рет қаралды
Теңізде жаппай тәртіпсіздік орын алды Басқа жаңалықтар

Теңізде жаппай тәртіпсіздік орын алды

29 маусымда Теңіз кенішінде FGP 3-буын зауытының құрылыс алаңында қазақстандық жұмысшылар арасында наразылық толқыны орын алды. Тәртіпсіздік барысында бірнеше шетелдік, негізінен, арабтар зардап шекті. Бейнежазба 30 маусым 2019, 12:19 6 195 рет қаралды
"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты" Қоғам

"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты"

Дүйсенбінің шуағын шашқан ертесі еді. Жұмысқа берілген педагогтар 825 нөмірлі оқу пунктінің дәлізінде ерсілі-қарсылы жүр. Кеше өткен ҰБТ нәтижелері бойынша аппеляциялық комиссия кабинеттердің бірінде қызу талқылау үстінде. Кенет... Атырау мұнай және газ университетінің доценті Балбөпе ӨТЕНОВА сол күні таңертең болған оқиғаны көпке дейін ұмыта алмайтын шығар. Өйткені ол сол кезде Арыс қаласында болған еді. 1 шілде 2019, 11:37 4 583 рет қаралды
«Соғыстың ортасында жүргендей күй кештім» Қоғам

«Соғыстың ортасында жүргендей күй кештім»

Whatsapp және әлеуметтік желілерде Арыстағы оқ-дәрі қоймасы жарылғаннан кейін төрт баласымен көмек сұраған әйелдің суретін көргенде, көзіме оттай басылды: бұл - Құрманғазы ауданы Нұржау ауылындағы ауылдасым еді, есімі Жазира! Дереу оған хабарластым. Сурет 1 шілде 2019, 12:35 6 467 рет қаралды
Қауіпті аттракцион Басқа жаңалықтар

Қауіпті аттракцион

Қарағандыда күшті жел салдарынан ойын батуты аударылып, бүлдіршін мерт болғаннан кейін бүкіл елде мәжілістер өткізіліп,  тексеру жұмыстары басталып кетті.  Атырауда да техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб бас қосты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі бойынша аттракциондарға қойылатын талаптар. 1 шілде 2019, 14:57 2 169 рет қаралды
Өр мінезін өлеңге қосты Басқа жаңалықтар

Өр мінезін өлеңге қосты

Атырауда ақын жерлесіміз Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті. «Жыр менің жалғыз тарланым» деген атпен ұйымдастырылған жабық мүшәйраға еліміздің барлық облысынан бүркеншік атпен жүзге тарта ақын өлеңдерін жолдаған. Сурет 28 маусым 2019, 17:11 5 096 рет қаралды
Целиноградтағы 1979 жылғы наразылықтар: қатысушының куәлігі Басқа жаңалықтар

Целиноградтағы 1979 жылғы наразылықтар: қатысушының куәлігі

Жоғары сыныпта (2000 жылдардың басы болатын) 1979 жылы Целиноградта Қазақ ССР аумағында неміс автономиясының құрылуына қарсы болған жастар демонстрациясы туралы Қазақстан тарихының оқулығынан оқығанымыз енді есіме түсті. Оқулықта ол туралы бірнеше сөйлем ғана жазылған еді. Жалпы бүгінде осыдан тура 40 жыл бұрын Кеңес дәуірі үшін кездейсоқ болған оқиғалар жайында адамдар көп біле бермейді. Редакциямызға осы оқиғаларға тікелей қатысушы Қуаныш ЗИНЕДЕНОВ (суретте) келген еді. Төменде оның әңгімесінен және азғана тарихтан сыр шертеміз. Сурет 27 маусым 2019, 17:59 11 437 рет қаралды
Бизнес көмекке келеді Басқа жаңалықтар

Бизнес көмекке келеді

Өткен демалыс күндері Атырауда Қ.Смағұлов атындағы аллеяда Әлеуметтік кәсіпкерлік апталығы ашылды. Әлеуметтік кәсіпкерліктің проблемалары мен табысы туралы жұртшылыққа кеңінен таныстыруға арналған бұл акция Қазақстанның түрлі қалаларында үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Сурет Бейнежазба 27 маусым 2019, 12:10 4 063 рет қаралды
Сүйекті сырқырататын сырқаттар Басқа жаңалықтар

Сүйекті сырқырататын сырқаттар

Псориаздық және реактивтік артритке шалдыққан науқастар буындарының жандарына батып ауырып, қисайғанына қарамастан, негізгі ревматологиялық препараттарды тегін алуға құқығы бар пациенттер қатарына кірмейді. Елдегі ревматологтар қазір осы проблеманы шешіп, оларды «өз» пациенттерінің тізіміне алуға жұмыстанып жатыр. Сурет 26 маусым 2019, 11:51 5 185 рет қаралды