Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырған 16 жағдай тіркелді.
Штабтың мәліметінше, он алты науқастың барлығы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда орналастырылған еді. Олардан зертханалық анализдер алынған. ПТР диагностикалық тексеру жұмыстарынан кейін COVID-19 диагнозы расталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылғы 8 мамырдағы ахуал бойынша Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 256 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 84 адам
Редакциядан. Осылайша вахталық поселкеде вирус жұқтырғандар саны күннен күнге көбеюде. 4 мамырда Теңізде 120 жағдай тіркелген еді. Бүгін 189-ға дейін өсті. Яғни, төрт күнде 69 анықталған.