Атырау, 14 қаңтар 09:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырған тағы 7 жағдай тіркелді

3 939 рет қаралды

Сағат 12:25-тегі ахуал бойынша,  коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 63 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 45, Алматы қ. – 1, Шымкент қ. – 2, Қарағанды облысында – 6, Алматы облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Атырау облысында – 7.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4753 адам анықталды. 

Атырау облысы – 263.

Жергілікті шұғыл штаб сайтындағы өзгертілген мәліметтерге сүйенсек, 7 жағдайдың барлығы Теңіз кенішінде анықталған. Еске сала кетсек, таңертең вахталық поселкеде 16 жағдай тіркеліп, жұқтырғандар саны 189-ға жеткен еді. Сағат 12.25-тегі жағдай бойынша Теңізде вирус жұқтырғандар саны 196-ға жетті.

8 мамыр 2020, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.