Атырау, 26 сәуір 10:38
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырғандар саны - 202. Атырау облысында барлығы - 269

4 423 просмотра

Өңірімізде коронавирус жұқтырғандар саны 269 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың мәліметінше, алты науқастың барлығы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 1978, 1995, 1965 жылғы үш ер адам және 1966, 1973, 1979 жылғы үш әйел.

«Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда орналастырылған еді. Олардан зертханалық анализдер алынған. ПТР диагностикалық тексеру жұмыстарынан кейін COVID-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Індет ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 269 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Жазылып шыққандар саны – 84 адам», деп хабарлайды өңірлік штаб.

Осылайша, Теңіз кенішінде ауру жұқтырғандар саны 202-ге жетті - бұл Атырау облысындағы науқастардың 75%-ын құрайды.

8 мамыр 2020, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.