Атырау, 18 желтоқсан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

ТШО: «Өндіріс бизнес-жоспарға сәйкес жалғасуда»

Толықтырылды
4 459 просмотра

Американдық S&P Global Platts ақпарат агенттігі: ОПЕК + келісіміне қарамастан, Теңіз кенішіндегі өндіріс жоспарға сай жүріп жатыр, деп хабарлады.

Бұдан бұрын Қазақстан мамыр мен маусым айларында өндірісті тәулігіне 390 мың баррельге қысқартады деп хабарланды. Ал Энергетика министрлігі бұл қысқарту орташа, ірі және алып кен орындарына «әділ» бөлінеді деп мәлімдеді. Әзірге ведомство қай компанияның өндірісті қаншалықты қысқартатыны туралы ақпарат берген жоқ, алайда «ҚазМұнайГаз» жақында өткен брифингте 2 айда 164,4 мың баррельге қысқаратыны туралы мәлімдеді.

Сонымен бірге, ТШО-ның 50% акцияларына иелік ететін американдық Chevron корпорациясы қысқартуды АҚШ пен ОПЕК+ елдеріндегі операцияларға бөліп, өндірісті тәулігіне 200-300 мың баррельге азайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бірақ елдер бойынша қаншаға бөлінетінін нақтыламады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында Теңіз кенішінде тәулігіне 650 мың баррель өндірілді.

«АЖ»-ның редакциялық сауалына жауап ретінде ТШО былай деп хабарлады: «Теңізшевройл» үкіметтің Қазақстан Республикасында орналасқан кен орындарында мұнай өндіруді азайтуға ниеті туралы айтылған жария есеппен танысып шықты. Алайда, қазіргі уақытта ТШО өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағыт алған және компания акционерлері бекіткен бизнес-жоспарға сәйкес өндірісті жалғастыруда. Қазіргі уақытта өндірістік қызмет бұрынғыша үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Шикі мұнай өндірісінің орташа тәуліктік көлемі 75 мың тонна (571,6 мың баррель - Н.Х.)».

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

8 мамыр 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.