Атырау, 16 қаңтар 13:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Облыстық перинаталды орталық пациенттер қабылдауды уақытша тоқтатты

3 973 просмотра

Облыстық перинаталды орталығында коронавирус жұқтырған үш жүкті әйелдің анықталуына байланысты науқастарды қабылдау бөлмесі мен патология бөлімі 2 күнге дезинфекциялау үшін жабылды.

Вирус жұқтырған үш әйелмен байланыста болған адамдар анықталды. Олардың қатарында перинаталды орталықтың  9 медицина қызметкері мен 29 емделуші бар. Алдымен COVID-19 бір емделушіден анықталды. Содан кейін онымен байланыста болған адамдарды тексеру нәтижесі бойынша вирус жұқтырған тағы екі жүкті әйел анықталды.

Қалғандарының нәтижесі теріс шықты. Дегенмен 9 медициналық қызметкер қайта алынған сынама нәтижесі шыққанша екі күнге карантинге жіберілді. Стационардан шығарылғаннан кейін теріс нәтижесі бар емделушілер 14 күндік үй карантиніне жіберіледі.

Перинаталды орталық стационары уақытша шектеулі режимде жұмыс істейді: жаңа пациент қабылданбайды, оларға қалалық перзентхананың есігі ашық.

COVID-19 тіркелген тағы бір жағдай – стационардағы емделуші емес, ол әйел кеңес алу үшін облыстық перзентхана дәрігерлеріне жүгінген. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар анықталуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

9 мамыр 2020, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.