Атырау облысында коронавирус жұқтырған тағы 14 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Жұқтырғандар арасында 8 жасар қыз бар. Ол Махамбет ауданының тұрғыны, орталық аудандық ауруханада ем алып жатқан. Коронавирус ПТР тапсырған кезде расталып, содан кейін қыз аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастардың арасында Индер ауданының тұрғыны, 24 жастағы жүкті әйел мен 4 мамырда Астраханнан келген 24 жастағы студент бар. Анализ расталғанша ол карантиндік стационарда болған.
6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 223 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жазылып шыққандар саны - 76 адам.
Теңіз кенішіндегі вирус жұқтырғандар саны – 145, бұл облыстағы КВИ науқастарының шамамен 70 пайызын құрайды.