Атырау, 14 қаңтар 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда жүкті әйел коронавирус жұқтырып алды

4 047 рет қаралды

Өңірімізде коронавирус жұқтырғандар саны 272 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Тағы үш адам вирус жұқтырып алды. Олардың бірі - 1985 жылғы Шымкент қаласының тумасы, Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің бірінің қызметкері.

Сонымен қатар, олардың қатарында жүкті әйел - облыстық перинатальды орталықтың 1987 жылғы пациенті мен 1957 жылғы Теңіз кенішінің жұмысшысы бар.

— 63 жастағы ер адам пневмония диагнозымен екінші облыстық ауруханаға жатқызылды, - деп нақтылады шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта өңірде вирус жұқтырғандар саны 272-ге жетті. Жазылып шыққандар - 86.

9 мамыр 2020, 02:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.