Атырау, 20 сәуір 19:58
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атыраудағы жеңіс күні бұрынғыдан өзгерек

Сурет Бейнежазба
5 312 просмотра

Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында «Тағзым» аллеясы ашылды. 

Аллеяға Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылып, есімдері естелік тақталарға ойылып жазылған. Алайда, өңірдегі коронавирус пандемиясына байланысты оны тұрғындардың тамашалауына мүмкіндік тумады. 

Жеңіс саябағында мәңгілік алауға гүл қоямын деген тұрғындар таңертең 9:30 дан бастап келе бастады. Алайда қақпаның сыртынан күзеткен полиция қызметкерлері карнатин режиміне байланысты оларды бір бірлеп те кіргізуге рұқсат бермеді. 

Атамның есімі жазылған тақтаға гүлдесте қоюға келдім деген тұрғындар, гүл шоқтарын саябақ ішінде жүрген қызметкерлерге аманаттап, есік алдынан кері қайтты. 

Бірнеше оқушы арнайы киініп дайындалып келген. 

8 жастағы Алихан да бұнда атасының есімі жазылған тақтаның қасында өлең оқимын деп келіпті. 

Жыл сайын осында келіп мәңгілік алауға гүл қоямыз. Ұлым атасының ерлігін мақтан тұтады,- дейді анасы. 


Жергілікті әкімдік Отан соғысы ардагерлерін үйлеріне барып құттықтауды мақұлдаған. Концерттік шараларды тұғындар үйден шықпай телеарналар мен смартфондар арқылы онлайн тамашалай алады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

9 мамыр 2020, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.