Атырау, 16 қаңтар 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырғандар саны 160-қа жетті

4 319 просмотра

Өңірімізде коронавирус жұқтырғандар саны 226 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелген. Олардың қатарында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан шығарылатын жұмысшылардың қатарында. Жұмыс орнынан шығар алдында, алгоритм бойынша, мердігер мекемелердің барлық қызметкерінен зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Індет ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 226 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Оның ішінде 160 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Жазылып шыққандар саны - 78 адам.

6 мамыр 2020, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.