Атырау, 16 қаңтар 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 173-ке жетті. Облыс бойынша барлығы 240 адам

4 000 просмотра

Таңертең хабарланғандай, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 240 адамға дейін артты.

Атырау облысында вирус жұқтырған тағы 11 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың мәліметінше, он бір науқастың барлығы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Атап айтқанда, бұлар 1964, 1971, 1998, 1973, 1992, 1961, 1982, 1966, 1989, 1987, 1988 жылы туған ер адамдар.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

2020 жылғы 7 мамырдағы ахуал бойынша Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 240 адам анықталды, олардың 173-і – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Жазылып шыққандар саны - 82 адам.

7 мамыр 2020, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.