Атырау, 29 наурыз 15:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау перинаталды орталығының үш пациенті мен Теңіз кенішіндегі 15 жұмысшыдан Covid-19 анықталды

4 795 просмотра

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 18 жағдай тіркелді. Осылайша, өңірде коронавируспен ауырғандар саны 290-ға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың мәліметінше, он бес науқас - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 1983, 1990, 1985, 1972, 1972, 1986, 1967, 1974, 1999, 1975 жылғы 10 ер адам және 1970, 1975, 1994, 1985, 1969 жылғы бес әйел.

Тағы үш науқас – жүкті әйелдер, облыстық перинаталды орталықтың  1991, 1995 және 1989 жылғы пациенттері.

Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда орналастырылған. Олардан зертханалық анализдер алынып, ПТР диагностикалық тексеру жұмыстарынан кейін COVID-19 диагнозы расталды.

- Үш жүкті әйелмен байланыста болғандар мен вирус жұқтыру ошақтары анықталуда. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды, - деп нақтылады шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

2020 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 290 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Жазылып шыққандар саны – 86 адам.

Теңіз кенішінде ауырғандар саны - 219.

9 мамыр 2020, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.